|
Туризм
5В090200 – ТУРИЗМ
Туризм мамандығы бойынша бакалаврдың негізгі мақсаты төмендегідей болып табылады:
· сан түрлі туристік бизнес аясындағы қызмет көрсетуді ұйымдастыру және басқару;
· туристік қызмет түрлерін болжау және жоспарлау;
· ішкі және сыртқы нарықтағы туристік қызмет түрлеріндегі әдістемелер мен жаңа идеяларға маркетингтік зерттеу жүргізу;
Сен мына мамандықтар аясында жұмыс істей аласың:
- туристік өнімді дамыту және өткізу барысындағы жарнамалық компанияларда;
- ғылыми зерттеу жұмыстарын өткізудің туристік қызметтердің базардағы жағдайларында;
- табиғи, климаттық, географиялық және ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, туризмнің Қазақстан мен оның аймақтарындағы даму мүмкіншіліктерін зерттеу;
- Қазақстандағы туристік бизнес, оның мәні мен қазіргі қалпын бағалау;
Сен іс-тәжірибеден төмендегідей мекемелерде өтесің:
- Туристік компаниялар мен фирмаларда;
- Алматы қаласының қонақ үй кешендерінде;
- Түркия елінің қонақ үй кешендерінде;
- Университеттерде;
Сенің қызмет атқаратын аяң:
- Басқару бағытындағы туристік менеджер (туристік мекемелерді басқару, авиакомпаниялар мен қонақ үйлерде)
- Гид-экскурсовод;
- Туризм бойынша инструктор;
- Туристік бағытқа негізделген пән мұғалімі;
- Балалар мен жасөспірімдер туризмінің жетекшісі;
Тек сенде шет тілін аптасына 12 сағат көлемінде үйренетін мүмкіндік бар.
Тек ҚазХҚ және ӘТУ саған шетел тілін толық меңгеруге мүмкіндік береді!
ЕСТЕ САҚТА: таңдау пәні –География.
|