Егер сіз мектепті өткен жылы бітірген болсаңыз


1. Сіз кешендік тестілеуден өткізуіңіз қажет

1. Азаматтардың кешенді тестілеуге қатысулары үшін жеке куәлік және құжаттың көшірмесі, сонымен бірге 3х4 үлгі бойынша төрт сурет, 086-У дәрігерлік кітапша, тест тапсыруға арналған төлем түбіртекегі, аттестат немесе орта кәсіби дипломы, арыз толтыра отырып жоғары оқу орынының қабылдау комиссиясына өткізеді.
2. Кешенді тестілеу 17-23 шілде аралығында жүргізіледі.
3. Азаматтың кешенді тестілеуге келгенде жеке куәлік (паспорт) және рұқсатнама қағазы болуы міндетті.
4. Кешенді тестілеуге қосымшаға сәйкес талапкермен таңдаулы мамандықтарына байланысты 3 анықталған 3 пән бойынша қазақ немесе орыс тілінде оқу бағдарламасының көлемінде жүргізіледі.
5. Тестілік тапсырмалардың көлемі және әр пән үшін саны 25-тен. Әрбір тестілік тапсырмаға дұрыс жауап бір баллмен бағаланады.
6. Шығармашылық мамандыққа түсетін азаматтарға кешендік тестілеу екі пән бойынша баллдар ескеріледі: қазақ немесе орыс тілі, қазақстан тарихы.
7. Кешендік тестілеуге үш сағат көлемінде уақыт беріледі. Қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
8. Кешендік тестілеу сол тапсырған ЖОО-да өтеді және нәтижесі сол жерде белгілі болады.
9. Тестілеу өткізілненнен кейін тестің дұрыс жауаптары ілінеді және сол жерде мәліметтер белгілі болады.
10. Кешендік тестілеудің жауаптарын мемлекеттік комиссия сол күні жариялайды.
11. Кешенді тестілеудің нәтижесі бойынша әр қатысушыға соған сәйкес сертификат беріледі.
12. Тестілеудің қорытындысымен келіспеген азаматтар шағым-арыз бере алады. Базалық жоғарғы оқу орындарының барлығында дерлік шағым комиссиялары жұмыс істейді. Даулы сұрақтарды және тесттің мазмұнын келіспеушілік білдіргенде республикалық шағым комиссиясы қарайды.

Қолыңызға балл жазылған сертификат алғаннан кейін білім беру грантының конкурсына қатыса аласыз.

 



Авторизация
Login:
Password:
Forgot your password?

Поштаға кіру
Имя: @ablaikhan.kz
Пароль:

70 летие КазУМОиМЯ
© КазУМОиМЯ имени Абылай хана 2009-2011
Управление информатизации, УИ ПО
Республика Казахстан, г. Алматы, ул. Муратбаева 200
Приемная комиссия: +7 (727) 292 23 73; 292 44 60
Приемная ректора: т.+7 (727) 292 23 63; ф. +7 (727) 292 44 73;
e-mail: kazumo@ablaikhan.kz