ЖОО-на қабылдау туралы сұрақтар

ЖОО-на қабылдау туралы сұрақтар

1.      2009 жылғы  ЖОО-на қабылдау жүргізілу тәртібі.

 ЖОО-да орындарында қабылдау осы жылы біртұтас ұлттық тестілеу немесе кешенді тестілеудің қортындылары бойынша жүргізіледі. Біртұтас ұлттық тестілеуден ағымдағы жылдың мектептердің бітірушілері өтеді.

Кешенді тестілеу өткен жылдардағы орта білім мектептерінің бітірушілері үшін жүргізіледі бітірушілердің бастапқы және орташа кәсіби оқу орындары, халықаралық айырбастар бойынша шетелде оқыған, яғни ҰБТ-ті өтпеген азаматтар сонымен қатар, ҰБТ тапсырмаған өзбек, ұйғыр, тәжік тілдерінде оқытатын жалпы білім беретін мектептердің түлектері, республикалық музыкалық мектеп интернаттардың, сонымен қатар шетелдердің оқу орындарын бітірген азаматтар тапсырады

 2.      Кешенді тестілеу жүргізілетін мерзім және өткізілетін орны?

 Кез келген ЖОО-да 20 маусыммен 9 шілде аралығында кешенді тестілеуге қатысуға арыз қабылданады. Кешенді тестілеу 17 шілдеден 23 шілде аралығында жүргізіледі. 54 ЖОО-да кешенді тестілеуді өткізу жайында бекітілген.

 3.      Кешенді тестілеуде тапсырылтын пәндер?

 Кешенді тестілеу төрт пән бойынша жүргізіледі: қазақ не орыс (оқу тілі), қазақстан тарихы, математика және өз қалауы бойынша таңдаған пәні. Әр пән бойынша 25 тапсырмадан. Кешендік тестілеуге берілетін уақыт 2 сағат 30 минут.

 4. Кімдер білім грантына иегер бола алады?

             ЖОО-да қабылдаудыңбір үлгідегі ережелерімен білім беретін грантты алуына талапкерлерге арналған нақтылы талаптар орнатылған. Олар ҰБТ немесе кешенді тестілеудің нәтижесінде кем дегенде 45 баллдан жоғары болуы тиіс. Сонымен қатар таңдаған пәні бойынша 7 баллдан , қалған пәндер бойынша кем дегенде 3 баллдан жоғары жинау қажет. Содан соң таңдалған мамандықтар бойынша конкурстық негізде іріктеу жүргізіледі.

 5. Білім беру грантын иелену конкурсында қандай пәндер ескеріледі?

             ҚР-ң Үкіметінің 23 қаңтарының 2008 жылғы №58 қаулысымен, 19 ақпаннан 2009 жылғы өзгерістер енгізілген. Яғни білім грантын иеленуде 4 пән бойынша баллдар ескеріледі-қазақ немесе орыс тілі (оқу тілі), қазақстан тарихы, математика және таңдалған пән. Таңдау бойынша пәндер ЖОО-ның ережелерінде үлгідегі тізім бойынша келтірілген.

 6. Конкурстық таңдау қалай жүргізіледі?

 ЖОО-ның қабылдау комиссиялары оқу грантын иеленуге қатысушылардың өтініштерін қабылдауды 23-31 шілде аралығынд өткізеді. Өз өтінішінде талапкер таңдаған мамандығын және таңдаған ЖОО-н көрсетеді. Талапкер таңдау пәніне сәйкес келетін 4 мамандықты және 4 ЖОО-н белгілейді. ҰБТ орталығы біріңғай ұлттық немесе кешендік тестілеудің қорытындысы баллын және сертификатта көрсетіледі. Мамандық және тілдік бөлім арқылы бөлінеді. Білім және Ғылым Министрлігі құрған қабылдау комиссиясы грантты тағайындауды жүзеге асырады.

 7. ЖОО-на түсуге жеңілдіктер бар ма?

             ҚР-ң «Білім туралы» заңымен «Алтын белгі» алған азаматтарға ЖОО-на түсуіне басымдылық құқық берілген. Сонымен қатар жалпы білім пәнері бойынша халықаралық олимпиадада және ғылыми жарыстар жеңімпаздарына (І, ІІ, ІІІ орындармен марапатталған), республикалық және халықаралық спорттық жарыстардың (І, ІІ, ІІІ орындармен марапатталғандарға) соңғы үш жылда, сонымен қатар жалпы білім пәндер бойынша республикалық олимпиада және ғылыми жарыстардың (І, ІІ, ІІІ орындармен марапатталған) ағымдағы жылдағыларға орындар беріледі. Сонымен бірге осы талапкерлердің таңдаған пәні олимпиада және ғылыми жарыстардың, спорттық жарыстардың пәнімен сәйкес келуі қажет. Білім гранты ең бірінші осы тұлғаларға беріледі.

 8. Квоталар кімдерге бөлінеді?

             ЖОО-на түсуге қабылдау квотасы енгізілген. ҚР-ң азаматы болып табылатын тұлғаларға мемлекеттік білім беру қабылданған 2 % пайыздық жеңілдіктер беріледі.

І, ІІ топтың мүгедектеріне, туғаннан мүгедек, мүгедек балаларға 0,5 %, жетім балаларға, әке-шешесінің асырауынсыз қалған балаларға 1 % жеңілдік беріледі. Соғыс ардагері және соғыс мүгедектері, соған теңестірілгендерге 0,5 % жеңідік беріледі. Алдыңғы жылы қабылданған 30 % квота ауылдық жастар үшін жастардың ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына қарастылған мамандықтар бойынша.

 9. Мемлекеттік тапсырыс бойынша бітірушілердің жұмысқа орналастыруы ескерілген бе?

 Ауылдық квота бойынша білім беру грантын иеленген, педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша ЖОО-на түскен талапкерлер оқуды бірігеннен соң ауылдық жерде кем дегенде үш жыл білім беру орталықтары мен медицина орталықтарында жұмыс істеуі қажет.

 10. Осы жылғы мемлекеттік білім беру тапсырыстары туралы?

 Мемлекеттік тапсырыс бойынша 20009-2010 жыл бойынша ҚР үкіметінің (№704 2009 жылдың 13 мамырынан) жоғарғы білімі бар мамандарды даярлау туралы қаулысымен қабылданған және 34840 грант бөлінген. Мемлекеттік тапсырыс көлемі 1350 грантқа көбейтілген, сонымен қатар медицина мамандығы бойынша 500 орын бөлінген. Медицина мамандығы бойынша жалпы көлемі 5000 орын. Мемлекеттік тапсырыстың маңызды бөлігі мемлекеттік тапсырыстың білім беру мамандығына бөлінген 9075 орын сонымен қатар 1000 сырттай оқу, техникалық мамандыққа 11465 және ауылшаруашылыққа 1600 орын бөлінген.

 



Авторизация
Login:
Password:
Forgot your password?

Поштаға кіру
Имя: @ablaikhan.kz
Пароль:

70 летие КазУМОиМЯ
© КазУМОиМЯ имени Абылай хана 2009-2011
Управление информатизации, УИ ПО
Республика Казахстан, г. Алматы, ул. Муратбаева 200
Приемная комиссия: +7 (727) 292 23 73; 292 44 60
Приемная ректора: т.+7 (727) 292 23 63; ф. +7 (727) 292 44 73;
e-mail: kazumo@ablaikhan.kz