Біздің жоғары оқу орнының қарқынды даму барысында өткен ғасырдың алпысыншы жылдарында институтымыз оқыту, ғылыми зерттеу жұмыстарын дамытып қана қойған жоқ, сонымен бірге құрылымдық-жүйелік жағынанда да өзгерді.
1969 жылы ағылшын факультетінде жаңадан филология және ағылшын тілі грамматика кафедрасы ашылды.
1983 жылдан бастап ағылшын тілі кафедрасын педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент С.С.Құнанбаева меңгерді. С.С.Құнанбаеваның басшылығымен кафедрада үлкен ғылыми-зерттеу жұмыстары жүзеге асты, теориялық грамматика, практикалық грамматикадан оқу құралдары жазылды, ол еңбектер күні бүгінге дейін оқу үдерісінде қолданылады.
Университетте мамандық білім берудің ұлттық жүйесінің жаңа деңгейіне өтуге байланысты академик С.С.Құнанбаеваның тікелей басшылығымен шет тілдік білім берудің жаңа концепциясы жасалып, оның теориялық, методологиялық негіздері ғылыми түрде қалыптастырылды. Жаңа концепция біздің университеттің ұстаздар ұжымының алдына шеттілдік білім беруде жаңа міндеттер қойды, осыған сәйкес жаңа оқулықтар жазу, оларды іске қосу қазіргі таңдағы ең өзекті мәселе болып отыр.
Шетел тілдері грамматика кафедрасының ұстаздары бұл іске белсенді кірісіп, үшінші курсқа арналған ағылшын тілінің оқу құралын жазып, тәжірибелік сынақтан өткізіп, министерствоның шешімімен республика оқу орындарына арналған оқулық ретінде 2009 жылы жарыққа шығарды. Оның авторлары кафедраның белді де білікті, тәжірибелі ұстаздары доцент Д.Ш.Тұяқаева, аға мұғалім Ә.Г.Калибаева, аға мұғалім, магистр Б.Е.Карибаева.
Кафедраның ұстаздар ұжымының ғылыми-тәжірибелік мамандық деңгейі замана талабына сай: кафедрада бір академик, төрт ғылым докторы, төрт ғылым кандидаты, екі доцент, сегіз магистр қызмет етеді. Кафедра ғалымдары негізінен студенттерге, магистранттарға теориялық пәндерден дәріс береді, олардың дипломдық диссертациялық жұмыстарына жетекшілік етеді, өз бағдарларында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді, диссертациялық кеңестің мүшелері, сонымен бірге халықаралық деңгейде зерттеу проектеріне қатынасады.
Кафедрада 23 мұғалім жұмыс жасайды, 4 ғылым докторлары, 3 ғылым кандидаты, 2 доцент, 8 магистрлар.
Олар: 1 академик, доктор филалогия ғылымының профессоры Джуанышбеков Н.О.
Ғылым докторы: Ахметова С.К., Рысалды К.Т., Шайбакова Д.Д.