Жалпы Мағлұмат


Шет тілдер педагогикалық факультетінің 4 кафедрасының бірі, « шет тілдер лексикологиясы» кафедрасы дербес кафедра ретінде 1967 жылдан бері қызметін атқарып келеді.

Алғашқы кафедра меңгерушісі ретінде кафедраның оқу - әдістемелік бағытын айқындап берген профессор Н.М. Курманбаев болды. Осы кемеңгер ұстаздың басшылығымен Т.П Новак, Н.П.Игнатьева, К.В.Филина, Т.Д.Ковлер және тағы басқа көптеген тәжірибелі оқытушылар өздерінің бай тәжірибелерімен алмасып және білімдерін бөлісіп, арттан ерген жас буынға оқыту үрдістерін аманаттап қалдырды.

2007 жылы ағылшын тілі лексикологиясы кафедрасы шет тілдер лексикологиясы кафедрасы болып өзгертілді. Кафедраның негізгі оқыту пәндері ретінде в2 халықаралық стандартқа сәйкес «Негізгі шет тілдері ретінде ағылшын,неміс,француз тілдері»; «Екінші шет тілі ретінде француз тілі»; «Ағылшын,неміс,француз тілдері лексикологиясы»; 2 курста «Лингвоелтану» (ағылшын,неміс,француз тілдері); «Оқытушылардың сөйлеу мәдениеті және өзін-өзі ұстауы» аталады . Мамандық : «050119 –шет тілі: 2 шет тілі:»

Шет тілдер лексикологиясы кафедрасындағы профессор- оқытушылар құрамындағы ағылшын,неміс және француз тілдерінің оқытушылар саны - 20. Әлемнің іргелі университеттерінде тәжірибелерін шындаған ұстаздар Аризона университеті(АҚШ), Ренн университеті, Пьер Мендес, Сорбонн (Франция), Гёте институті, К.Маркс атындағы университет, университет Гёттинген (Германия), Льюцен университеті (Швейцария), Грац қаласындағы университет (Австрия), Генуя қаласындағы университет (Италия), Братислава қаласындағы техникалық университетінде(Словакия) кәсіби біліктерін дамытты.

Кафедраның оқу процесі барлық пәндер бойынша типтік бағдарламаға сәйкес жүргізіледі. Лексикология кафедрасының ұжымы студенттің тұлғалық қалыптасуына бағытталған, оның ойлау және шығармашылық қабілеттіктерін дамытатын білім концепциясын негізге ала отырып, студенттердің танымдық белсенділіктерін, ойлау және коммуникативтік қабілеттіктерін дамытатын әрі оқытудың сапасын арттыру мақсатымен оқу процесінде тың әдістеме және саналуан әдістерді қолданады. Осы мақсатқа жету үшін оқыту материалдары аутентивті,ақпараттық және қызықты болу принципіне негізделіп, мазмұндық жағынан жаңартып отырылады.

Шет тілдер лексикологиясы кафедрасы ұжымы педагогикалық шеберліктерін қалыптастыруға және шыңдауға бір-біріне көмектесе отырып, жақсы жұмыс ахуалын ұстауға атсалысады. Жұмысқа деген қызығушылық және кәсіби өсуге ұмтылу бір-бірімен білімдерімен бөлісіп және тәжірибелерімен алмасумен ұшталады: жастар жағы тәжірибелі мамандардан тек үйреніп қоюмен шектелмейді, керісінше жастарда да көптеген қызықты ойларды жетекші тәжірибелі мамандармен бөлісуге құштар. Сабақ барысында ойын технологиясын(ситуациялық сөйлеуге бағытталған ойындар, дөңгелек үстел түріндегі пікір-талас, пресс-конференция, «talk-show» «toasmasters»), сан алуан жобаларды (ролдік ойындар, ақпараттық жобалар) қолдану оқытушылар үшін дәстүрлі және қажетті әдістемеге айналды.

Ұжымдық оқыту үрдісін Ж.А.Тұтбаева., А.С. Мұстафина, П.Б. Шаршанқұлова., А.М. Қаратай қолға алуда. Олар 2 курс оқу бағдарламасына сәйкес «reading for travelling; culture; music; generation gap … и др. ». Тақырыптары бойынша жақсы сабақ үлгілерін көрсетті.

Заманауи педагогикалық тәжірибені оқып үйрену, оны тәжірибеге енгізу мақсатымен байланысты кафедра оқытушылары жүйелі түрде оқу жылы бойында ашық сабақтар өткізуді, шетелдік мамандар өткізетін әдістемелік және лингвистикалық семинарларға қатысуды, toefl, ielts сертификатын беретін семинарларға қатысуды дәстүрге айналдырған. Сабақтардың психологиялық жағдаяттары қалыпты. Студенттер ойларын еркін, іркілмей жеткізе алады. Студенттер мен оқытушылардың жақсы жұмыстарының нәтижелерін студенттер тарапынан дайындалған әртүрлі оқу құралдары, жобалары, оқытушыларына жазған хаттары түрінде берілген ойларынан көре аламыз, бұл олардың сабақ нәтижелерінен үлкен ләззат алатынын аңғартады. Кафедрада ашық сабақтардың және іс-шаралардың видео таспалары, слайдтары сақталған.

Авторлық ұжым құрамында ф.ғ.к., профессор С.М. Булатова, доцент Ж.А.Тұтбаева ii курсқа арналған оқуға арналған оқулық құралын бірлесіп дайындады. Оған заманауи ағылшын және американ жазушыларының әңгімелер жинағын енгізді. Критикалық ойлауды дамытатын, оқу, ауызша және жазбаша ой жеткізуге бағытталған әдістемеге сүйене отырып, әрбір әңгіменің соңында тіл үйренушілердің жоғары қызығушылықтарын тудыратын және нәтижелі оқуға жетелейтін заманауи әдістермен толықтырылған жаттығуларды ұсынды. С.М.Булатова, Ж.А. Тұтбаева « жаз университеті» бағдарламасымен қр жоо оқытушыларына бірнеше әдіскерлік семинарлар өткізді. ҚР жоо оқытушыларына мастер класты Булатова С.М. жүргізді. Мұғалімдер білімін жетілдіру институтының жоспарлауымен ағылшын тілі пәні бойынша жаңа буын оқулықтары негізінде мектеп мұғалімдеріне арналған мастер класты Ж.А Тұтбаева өткізіп келеді. Одан бөлек кафедра оқытушылары факультет, университет деңгейінде әдіскерлік семинарлар ұйымдастырып келеді. Бұл семинарлар шетел тілдерін оқытудың заманауи тәсілдерімен танысуға мүмкіндік береді.

  1. Булатова Светлана Мадиевна - шет тілдер лексикологиясы кафедрасы меңгерушісі, ф.ғ. к., Қазхқәту профессоры, алматы шет тілдер педагогикалық институтын тәмамдаған, осы институтқа қарасты 2 жылдық жоғары педагогикалық курсын аяқтап, кандидаттық диссертациясын қорғаған. Iii курста заманауи ағылшын тілі лексикологиясын жүргізеді, iii и iv курс студенттері мен магистранттарға курстық және дипломдық жұмыстарға жетекшілік етеді. Ғылыми мақалалардың авторы, ii курс студенттеріне арналған оқулық авторларының бірі, кенсингтонда шығарылған (мериланд штаты, ақш) қазақ-ағылшын сөздігінің авторы, «modern english lexicology» электронды оқулығының, ii курсқа арналған «effective reading» оқулығының, «basic english» оқулығының - в2 деңгейі (халықаралық стандартқа сәйкес) және оқулыққа қосымша құрал ретінде дұрыс жауаптар берілген қосымша әдістемелік жинақ, тыңдау мәтіндері негізінде ағылшын тілі ана тілі болып саналатын маман даусымен жазылған сд авторы, 1993 жылы кенсингтон қаласындағы(ақш) лингвистикалық орталықта арнайы шақыртылған кеңесші ретінде жұмыс жасады. 1994 жылы «аризона университетінде» (туссон қаласы, ақш) жұмыс жасады, ғылыми- әдістемелік конференцияларда баяндамалар жасады.

  2. Абдиғалиева Бақтыбала Баймырзаевна – ф.ғ.к., доцент, бірнеше басылымдары жарыққа шыққан, неміс тілі лексикологиясын, мәдениетаралық коммуникацияны жүргізеді. 3-4 курс студенттерінің курстық және дипломдық жұмыстарына жетекшілік етеді.

  3. А.Б.Нұршатаева – аспирантура бітірген, диссертациясы бойынша бірнеше басылымдары жарыққа шыққан, кандидаттықты жақсы қорғап шықты. Қазіргі уақытта декреттік демалыста.

  4. Садықова Гүлбарам Қарашевна – қазхқәту доценті, апшти институтын үздік бітіріп, 1973 жылдан факультетте қызмет істейді. 1976 жылдан 1978 жылға дейін ленинград қаласындағы А.А. Жданов атындағы лму құрамындағы жоғары педагогикалық курсында оқыды (жпк). ; жалпы орта мектептің гуманитарлық циклі бойынша 5,8,10 сыныптары оқушыларына арналған «marianne» сериясы оқулықтарының және оәк қосымшасы авторларының бірі. Оқулықты және оқу-әдістемелік құралдарды дайындау барысында сэвр қаласындағы(Франция) халықаралық ғылыми-педагогикалық орталықта 3 айлық тәжірибе шыңдау курсына қатысты. 2 курс студенттеріне арналған оқулықтың және 2005 жылы французша-қазақша сөздіктің авторларының бірі. Г.Қ. Садықованың салыстырмалы және контрастивті типология және шетел тілі ретіндегі француз тілін оқыту әдістемесі саласы бойынша ғылыми -әдістемелік маңызы бар тезис және мақала түрінде басылымдары бар. 2 курс студенттеріне «елтану» және «лингвоелтану» пәндері бойынша лекция және семинар сабақтарын жүргізеді(француз тілі). Білім беру саласында айрықша еңбегі үшін 1998 жылдың 21 қазанында «қазақстан республикасының оқу ісінің үздігі» атағы берілді. 2007 жылы франция республикасының білім министрлігінің «академиялық пальма діңгегі және кавалер орденімен» марапатталды. 2006 жылы г.қ. Садыкова бірінші евроконгреске қатысты (Вена, Австрия). 2008 жылы – FIPF ұйымдастыруымен француз тілін оқытудың заманауи ахуалы қарастырылған xii халықаралық конгреске қатысты. Екі шараға қатысу барыcында FIPF тарапынан жобалар бәйгесінде жеңіске жетті.

  5. Теңізбаева Назымхан Манкеевна –Қазхқәту аға оқытушысы, 1979-1983 ж.ж. Осы институт қабырғасында білім алған. Берлинде Гумбольдт атындағы университетте (Германия) германистика факультетінде неміс тілі, ағылшын тілі мамандықтары бойынша халықаралық студенттер алмасу бағдарламасымен оқуын жалғастырды.Н.М. Тенизбаева 2 курста неміс тілі, елтану, лингвоелтану пәндерін оқытады. 1997жылы Мюнхенде 2 айлық білім тереңдету курсында болды. Goethe institut ұйымдастыратын семинарларға үзбей қатысып келеді, осы институттың бастамасымен шетелдік мамандардың қатысуымен өткен республикалық мұғалімдер съезіне шақырылды.

  6. 6. Тұтбаева Жаннат Абдыкаимовна - Қазхқәту доценті, факультет оәк төрайымы, 2 курста негізгі шет тілін (ағылшын тілі) жүргізеді, ағылшын тілі лексикологиясы, сөйлеу мәдениеті және оқытушының өзін- өзі ұстауы (ағылшын тілінде) лекция,семинарлар өткізеді , iv курс студенттерінің диплом жұмыстарына жетекшілік етеді; в2 деңгейі бойынша«basic english» оқулығының авторларының бірі уровень, ii курсқа арналған «effective reading» оқулығының және жаңа буын мектеп оқулықтарының авторларының бірі болып саналады.

  7. Алия Сейдахановна Мустафина кафедрадағы тәжірибелі оқытушылардың бірі, аспирантураны бітірген, диссертация тақырыбына байланысты бірнеше басылымдары бар, ғылыми- практикалық конференцияларда баяндама жасаған және кандидаттық жұмысын қорғау алдында тұр.

  8. Шырын Қадырбековна Мусаева аспирантураны бітірген, диссертация тақырыбына байланысты бірнеше басылымдары бар, ғылыми- практикалық конференцияларда баяндама жасаған және кандидаттық жұмысын қорғауға дайындалуда, шет тілдерін оқыту мониторингы сапасы халықаралық жобасына қатысып, словак техникалық университетіне (Братислав қаласы, 2008), Генуя университетіне (Италия, 2007) барып қайтты.Кафедра оқытушылары бахтияр ильяр, А.Л. Нам Қазхқәту магистратурасын бітіру алдында, магистрлік диссертацияларын қорғау алдында, ал П.Б. Шаршанқулова, Г.Б.аметова, А.И. Есболганова қазхқәту магистратурасында оқиды, ал А.М. Қаратай магистратураға түсуге дайындалуда. Кафедра магистрлері және магистранттар болашақта докторантурада оқуды жоспарлауда.Кафедраның тәжірибелі оқытушылары б.ш.маханбетова, Б.Т. Алпеисова аз үзілістен кейін кафедрада жұмыс жасауды жалғастыруда,олар 2- курс студенттеріне негізгі шет тілінен(ағылшын тілі) сабақ беруде.

  9. Бақтыгүл Шахзадақызы Маханбетова алматы қалалық тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен мемлекеттік тілді жандандыруға бағытталған бірнеше жобаларға атсалысты: балабақша жасындағы бүлдіршіндерге арналған қазақша суретті сөздік-тілашар; республика ұстаздары қатысқан семинарларда тілдерді оқытудың заманауи әдістемелік тәжірибесі тақырыптары бойынша лекциялар оқып, өзінің іс-тәжірибесіне сүйеніп,ойларын бөлісіп, семинарларға қатысушы әріптестері тарапынан жылы лебіздерімен қатар шет тілі әдістемелік жүйесіне үлкен қызығушылықтарын тудырды; қазақ тілінің әдістемелік жүйесіне тың ойларды қосу мақсатымен 2008-2009 жылдары алматы қаласындағы қазақ тілі мамандарына шетел тілі әдістемелік жүйесіндегі жаңалықтармен таныстыру жобасын үлкен энтузиазммен ұсынды. Өзінің тынымсыз еңбегінің арқасында мұнай мен газ саласы мамандарына арналған техникалық ағылшын тілі оқулығын, жас ұстаздарға арналған әдістемелік көмекші құралды agip kco мұнай компаниясының демеушілігімен жарыққа шығарды; іс-қағаздарын қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізудің әдістемесіне өзіндік үлесін қосып жүрген мамандардың бірі; жастардың бакалавриат, магистратура,доктурантура бойынша халықаралық бағдармаларға қатысуларына кеңесші ретінде Алматы қаласы жастарымен қатар басқа облыстардан келген жастардың да ыстық ықыластарына ие.

Оқытушы Алимова Р.Т. Францияның ницце қаласында azur lingua тіл орталығында тәжірибе жинақтады. Алимова Р.Т. Және Залиева Г.К. Француз тілі бойынша негізгі және екінші шет тілі сабағын жүргізуде.

Кафедраның барлық оқытушыларында біліктерін жетілдіру үшін қатысқан семинарларын растайтын сертификаттары бар. Олар сонымен қатар университет, кафедра көлемінде және мектеп мұғалімдеріне орта мектептің жаңа буын оқулықтары бойынша әдіскерлік семинарлар жүргізеді.

  • Кәсіби өсудің портфолиосы (Ж.А.Тутбаева, П.Б.Шаршанкулова.)
  • Дискуссиялар және оларды жүргізу әдістері (Ж.А.Тутбаева, П.Б.Шаршанкулова)
  • «Үлкендермен әңгімелесу» (ұрпақтармен байланыс)
  • Reading literature crossculturally (Ш.К.Мусаева)
  • Lesson plans made easy (Ж.А.Тутбаева, А.И.Есболганова)
  • Reading circles (Ж.А.Тутбаева, П.Б.Шаршанкулова)
  • Жаңа буын оқулықтары бойынша мектеп мұғалімдерімен әдістемелік семинар.

Кафедра мүшелерінің қоғамдық белсенділігі олардың факультеттік, университеттік іс-шараларға қатысуымен көрінеді.

Осындай іс-шаралардың ұйытқысы болып кафедра оқытушылары Тутпаева Ж.А. Мен Мустафина А.С. Және т.б. болып табылады.

Ұжымдың тартымды іскерлік қарым-қатынасы студенттердің тәрбие жұмысында айқын орын алады. Тәрбие жұмысы оқу процесімен тікелей байланысты. Әрбір сабақ тақырыбы тәрбие беру мақсатымен байланыстырылады. Ең тартымды, қызықты сабақтар қатарына «денсаулық», «шылым шегу» тақырыптары «talk-show», көркем әңгімемен жұмыс жасау сабағы және көркем фильмдің эпизодын көрсету, магнитафонды қолдану, екі топ студенттерінің қатысуы мен сабақ-талқылау т.б. Кафедрада сондай- ақ сабақ эпизодтары, қызықты тәрбие жұмыстары және ашық сабақ видеокассеталары бар. Жатақханаларда да қызықты іс-шаралар өткізіліп тұрады, кейде арнайы мамандар шақырылады.

Солардың бірі бүгінгі таңдағы қыз тәрбиесінің мәселелері жайлы іс-шара.

Осындай ауқымды іс-шараларда студенттер белсенділік танытады.

жұмыстарына берілген кафедра оқытушылары бос уақыттарын қызықты өткізуді ұмытпайды, мысалы, мереке күндеріне арналған түрлі іс-шаралар, оларда оқытушылар сан алуан қызықты конкурстарды ұйымдастырады, яғни әндердің үздік орындаушылары, инсценировкалар (ағылшын, француз, қазақ тілдерінде), «екі жұлдыз» конкурсы және караоке және табиғатта дем алу т.б.шаралар ұйымдастырады.

Кафедрада сондай-ақ лаборант Куланова А.Ш. Өзінің қызметін жоғары жауапкершілікпен орындап, оқытушыларға шын ықыласымен көмектеседі.

 



Авторизация
Login:
Password:
Forgot your password?

Поштаға кіру
Имя: @ablaikhan.kz
Пароль:

70 летие КазУМОиМЯ
© КазУМОиМЯ имени Абылай хана 2009-2011
Управление информатизации, УИ ПО
Республика Казахстан, г. Алматы, ул. Муратбаева 200
Приемная комиссия: +7 (727) 292 23 73; 292 44 60
Приемная ректора: т.+7 (727) 292 23 63; ф. +7 (727) 292 44 73;
e-mail: kazumo@ablaikhan.kz