Ақпарат бөлімі

Шетел тілдерін оқытудың әдістемесі кафедрасы 1968 жылы құрылды. Кафедраның атауы бірнеше рет өзгергеніне қарамастан, оның негіздерін салушылармен жасалған ең жақсы жақтары сақталды. Бұл кафедрада келесі атақты ғалымдар еңбек етті: Попова В. И., Залевская А. А., Ковальчук В. Т., Брайловская В. Я., Пистар А. Я., Хризаменова С. А., Зальцман Р. С., Басенко Г. Н., Розенгауз М. Г., Чечита В. И., Кунанбаева С. С., Джоломанова Б. Ж., Ахметова М. С., Аканаева С. Ш., Искакова Ж. И., Абдукаримова К. А., Турсунбаева Ж. Б., Хангурова Л. С. және тағы басқалары.

2004 жылы кафедраға педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, қазақстан республикасының ғылыми қызметкері әрі көрнекті педагог, педагогикалық факультеттің алғашқы кафедра меңгерушілерінің бірі Козлов Петр Гурьянұлының есімі берілді.

Қазіргі кезде кафедраның меңгерушісі психология ғылымдарының кандидаты, профессор Кузнецова Тамара данилқызы болып табылады.

Кафедрада үш тіл атап айтқанда ағылшын, неміс, француз тілдері бойынша 34 маман иесі қызмет етеді, олардың ішінде 11 профессор, 3 доцент, 10 аға оқытушы бар.

Кафедра оқытушылары студенттер және магистранттармен жұмыс жасайды.

Британ кеңесінің қолдауымен 2004 жылдан бастап кафедрада әдеби үйірме жұмыс жасайды. Осы оқу жылынан бастап магистр, аға оқытушы Брекалова Т. В. және педагогика ғылымдарының магистрі Даркембаева А. С. жетекшілігімен төменгі және жоғарғы курс студенттері үшін екі топ жұмыс жасайды.

Кафедрада ғылыми-ізденушілік жұмыс екі бағыт бойынша жүргізіледі:

  1. Жоғары оқу орындары мен мектептерде шетел тілін оқытудың теориялық негіздері;
  2. Жоғары оқу орындары мен мектептерде шетел тілін оқытудың мазмұны мен әдістемесін жақсарту;

Кафедра оқытушылары келесі пәндерге маманданған: «шетел тілдерін оқытудың қазіргі әдістемесі», «шетел тілдерін оқытудың әдістемесінің тарихы», «шетел тілдерін оқытудың қазіргі әдістері мен технологиялары», гуманитарлық, экономикалық, физика-математикалық және химия-биологиялық салалар бойынша «шетел тілдерін оқытудың кәсіпке бағытталған әдістемесі», жоғарыда аталған салалар бойынша «практикум оқу кейстері», «шетел тілдерін бастапқы сатыда оқыту әдістемесі».

Сонымен қатар кафедра оқытушылары 1,2,3, және 4 курс студенттерінің үздіксіз педагогикалық практиканың өткізуіне жауапты. 3 курс студенттерінің педагогикалық практикасы аяқталғаннан кейін әдістемелік олимпиада, ал 4 курс студенттері үшін ғылыми конференция өткізіледі.

 



Авторизация
Login:
Password:
Forgot your password?

Поштаға кіру
Имя: @ablaikhan.kz
Пароль:

70 летие КазУМОиМЯ
© КазУМОиМЯ имени Абылай хана 2009-2011
Управление информатизации, УИ ПО
Республика Казахстан, г. Алматы, ул. Муратбаева 200
Приемная комиссия: +7 (727) 292 23 73; 292 44 60
Приемная ректора: т.+7 (727) 292 23 63; ф. +7 (727) 292 44 73;
e-mail: kazumo@ablaikhan.kz