Аударма факультеті

Аударма факультеті

Аударма   факультеті    050207  –  «Аударма ісі» мамандығы бойынша студенттер  дайындайды.  Аударма факультеті 1998жылы құрылған. Факультеттің   мақсаты-аудармашыларды 2 бағытта дайындау:аудармашы-референт, ілеспе-аудармашы.
Аудармашы-референт мемлекеттік мекемелерде, басқа мемлекеттермен ішкі-сыртқы саясатта, ғылыми-мәдени қатынастарда, әр түрлі экономиқалық салаларда, институттарда және   ғылыми-техникалық   ақпараттарда   кәсіби жазбаша, реферативті  және  ауызша   аударма жасайды.
Ілеспе-аудармашы Қазақстан Ресупбликасының аумағында өтетін ресми-іскери саладағы халықаралық    конференцияларда, симпозиумдарда, съездерде кәсіби аударма жасайды.
Факультетте студенттерге мемлекеттік грантта оқуына мүмкіндіктер бар.
2009жылы мемлекеттің арнайы тапсырысымен төмендегі екі мамандық бойынша гранттық жүйеде студенттер қабылданды.
050225 – Аударма ісі (қазақ тілінен орыс тіліне және орыс тілінен қазақ тіліне ілеспе аудармашы);
050226 – Аударма ісі (қазақ тілінен өзге шет тілдеріне және керісінше ілеспе аудармашы)
Факультет ағылшын, неміс, француз, итальян тілдерінен қазақ, орыс тілдеріне аударатын бакаларвларды дайындайды. Мамандықтың оқу бағдарлама  жоспарының   құрылымы  студенттердің  теориялық-әлемдік көзқарас, әлеуметтік жеке   тұлға  ретінде,  мәдениетаралық  қарым-қатынастық, арнайы кәсіби құзыреттілігін дамытатын жалпы білім, базалық және негізгі  пәндерді  қамтиды. Негізгі пәндер жазбаша, ауызша аудармаларды, қағаздан дәл аудару, екі жақты аударма, ілеспе аудармалар жасау арқылы жүзеге асырылады.
Екінші курстан бастап екінші тіл үйретіле бастайды.
Факультетте оқу үрдісі оқу аудиторияларында, сонымен қатар арнайы жабдық талған лабораторияларда, аудио – видео кабинеттерде, теледидар қолдану арқылы жүргізіледі. Сабақтарда аутентивті отандық және шетелдік ақпараттар және әдеби мәтіндер қолданылады.  Сабақтарда   сонымен   қатар   жаңа технологиялық әдістер қолданылады (жоба жұмыстар, симуляция   әдісі, проблемалық дәрістер, мультимедиялық  бағдарламалар).
Студенттердің кәсіби тәжірибелік дайындығын  мемлекеттік  мекемелерде, аудар ма бюроларында,  мұнай  кампанияларында,  жеке  меншік   мекемелерде,  спорттық  федерацияларда практикада өткен  кезде  көре аламыз.
Факультет студенттері ғылыми жұмыстармен қатар университеттегі түрлі үйірмелерге де белсенді қатысады.  Студенттерді республикаық ғылыми жоба конкурстары мен тілдік олимпиадаларда озып шыққан белсенді   студенттер бағалаы сыйлықтар, грамоталармен марапатталады.

Факультет түлектері елшіліктерде, шетелдік фирмаларда,  мемлекеттік  және жеке мекемелерде қызмет атқаруда.
Ғылыми ізденістер:

    • Мәдениаралық қарым-қатынас және аударматану саласында ізденіс жұмыстарын жүргізу;
    • Сабақ және ғылыми зерттеу үрдісіне жаңа технологияларды ендіру;
    • Шет тілін оқытудағы мәдениаралық –коммуникативтік және тілдік- мәдениаралық салада зерттеу жұмыстарын жүргізу;
    • Ілеспе аудармашыларды дайындауда жаңа технологияларды қолдану;
    • Шет тілін оқытуда заманауи технологияарды енгізу
 



Авторизация
Login:
Password:
Forgot your password?

Поштаға кіру
Имя: @ablaikhan.kz
Пароль:

70 летие КазУМОиМЯ
© КазУМОиМЯ имени Абылай хана 2009-2011
Управление информатизации, УИ ПО
Республика Казахстан, г. Алматы, ул. Муратбаева 200
Приемная комиссия: +7 (727) 292 23 73; 292 44 60
Приемная ректора: т.+7 (727) 292 23 63; ф. +7 (727) 292 44 73;
e-mail: kazumo@ablaikhan.kz