Студенттік өмір
Аударма факультетінің студенттерінің өмірі шығармашылыққа толы. Оқу үрдісі студенттің тілдік және аудармашылық білімімен жалпы білімін толықтыруға негізделген. Оқудан тыс факультет студенттері ғылыми-ізденіс жұмыстарымен айналысып қана қоймай, университеттегі түрлі үйірмелерге және халықаралық, республикалық семнинарларға, жарыстарға жиі қатысады.
Факультетте доценттер М.Е. Медетова, Т.Е. Карпенко, Г.Б. Абдрахимованың жетекшілігімен 4 ғылыми үйірме жұмыс жасайды.
Студенттер мәдениаралық қарым-қатынас және аударма мәселелері, көркем аударма, ақпараттық аударма, салыстырмалы типология мәселелерімен жан-жақты айналысады.
Оқу тәжірибесінен студенттер «Тенгизшевройл», «Интергаз Центральная Азия» және аударма агенттіктерінде, жергілікті басқару органдарында, ірі сауда компанияларында, авиакомпанияларда өтеді.
«Орион» клубы, студенттердің қызығушылығымен құрылған қоғамдық бірлестік және нақты Нұсқаулар бойынша қарастырылған, шектеулі өкілет бойынша жұмыс атқарады.
1.2. Клубтың ұйымдастырушылық және әлеуметтік тұрғысын ҚазХҚ және ӘТУ-нің тәрбие беру ісі жөнінің бөлімі жүзеге асырады және басқа да университеттің қызығушылығы артқан бөлімдері қолдау көрсетеді.
- Клубтың мақсаттары мен міндеттері:
2.1. Клубтың мақсаты, ҚазХҚ және ӘТУ Аударма факультетінің студенттеріне интеллектуалды дамуына ықпал ететін талаптарды тудыру болып табылады.
2.2. Клубтың міндеттері:
- Студенттердің азаматтық, әлеуметтік және өзіндік кәсіби дамуына септігін тигізу;
- Патриоттық тәрбие, студенттердің ой-өрісін арттыру және олардың білім деңгейіне байланысты талаптарды орындау, мемлекеттік игіліктерді қастерлеу және т.б. тәрбиелерге бағытталған жұмыстарды атқару;
- Студенттік қоғамдық іс-шаралар өткізу, студенттік жиындар мен дөңгелек үстел ұйымдастыру, жәрмеңкелер өткізу және т.с.с;
- Баспасөз және де бүкіл ақпараттық құралдар арқылы студенттік өмірдің барлық жақтарын жариялау.
2.3. Клубтың басты бағыттары:
- Әлеуметтік – патриоттық бағыт;
- Мәдени – іс-шаралар бағыты;
- Редакциялық – баспасөз бағыты;
- Аударма бюросы.
- «Барыс» пікір талас бағыты
|





 |