Халықаралық қатынастар факультеті

Факультет деканы – философия ғылымдарының докторы профессор Раев Дәулетбек Садуақасұлы

1993 жылы Абылай хан атындағы Қазақ Мемлекеттiк халықаралық қатынастар және әлем тiлдерi университетi Ғылыми Кеңесiнiң шешiмi бойынша Халықаралық қатынастар факультетi қызмет атқара бастады. Факультет халықаралық қатынастар, халықаралық құқық, әлемдiк экономика, аймақтану саласында жоғары мамандандырылған және бәсекеге қабiлеттi мамандарды дайындайды.

ХҚФ мақсаттары мен мiндеттерi "халықаралық қатынастар", "халықаралық құқық", "әлемдiк экономика", "аймақтану", мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары бойынша оқу барысын жетiлдiруге, кәсiби еңбек нарығының өзгерiп отырған қажеттiлiктерiне сәйкес отан дипломатиясының дамуына жағдай жасайтын халықаралық қатынастар саласында толыққанды, сапалы терең және мамандандырылған кәсiби бiлiмдi алуға, қабiлеттерi мен әдiстердi меңгеруге; "халықаралық қатынастар" ғылымының қалыптасуы мен дамуына; Қазақстан Республикасы университеттерiнiң арасында алынған тәжiрибенi таратуға бағытталған.

Факультет халықаралық қастынастар мамандарын дайындауға үлкен әлеуетiн ие. Факультетке 6 кафедра кiредi: халықаралық қатынастар кафедрасы (кафедра меңгерушiсi филос.,ғ.д., проф. Бөлекбаев С.Б.), халықаралық экономикалық қатынастар кафедрасы (кафедра меңгерушiсi э.ғ.д., проф. Искалиев М.Д.), аймақтану кафедрасы (кафедра меңгерушiсi ф.ғ.д., проф. Бейсенова Г.А.), халықаралық құқық кафедрасы (кафедра меңгерушiсi з.ғ.д. проф. Алибеков С.Т.), базалық ағылшын тілі кафедрасы (кафедра меңгерушiсi филол.,ғ.к. Икрамова Р.Т.), кәсіби ағылшын тілі кафедрасы (кафедра меңгерушiсi аға оқытушы Елубаева П.К.)7

Мұнда халықаралық қатынастар, халықаралық құқық, экономика бойынша оқу құралдарының авторлары, ғалымдар, мамандар, сонымен бiрге шет тiлдер үздiк оқытушылары қызмет етедi.Факультетте 10 ғылым докторлары, 32 ғылым кандитаттары жұмыс iстейдi. DAAD, SOROS - Kazakhstan, Фулбрайт бағдарламалары секiлдi халықаралық қорлардың гранттарын ала отырып, оқытушылар көбiсi шетелде iс тәжiрибесiн өткен. Факультет шетел елшiлiктерiмен, шетел өкiлеттiлiктер, компаниялар және мәдени орталықтармен тығыз байланыс орнатуда. Еуропалық Одақ, ОБСЕ сияқты түрлi халықаралық ұйымдардың өкiлдерi, дипломатиялық қызметкерлер, елшiлiк өкiлдерi (АҚШ, Германия, Франция және т.б.) Гете атындағы институты, ДААД, USIS, British Council, Француз орталығының қызметкерлерi ашық дәрiстер өткiзедi.

Факультеттегi "Международник ХХI века", "Клуб юристов-международников", "Регионовед" ғылыми студенттiк үйiрмелер, "NEXUS" дебат клубында студенттер көпшiлiк алдында сөздiк тәжiрибесiн, өзiндiк зерттеу тәжiрибесiн алады, өз көз қарасын қорғау және логикалық түрде материалды баядауға үйренедi. Үйiрмелер дөңгелек стөл, дебат, диспут нысанында өткiзедi. Студенттердiң зерттеу жұмыстарының тақырыптары олардың келешектегi диплом жұмыстарының тақырыптары болып табылады. Студенттер факультет пен университеттiң жылдық студенттiк конференциялар жұмысына белсендi қатысады. Факультеттiң кеомандасы Голландия, Болгария, Словенияда өткен конкурстарында, және де республикалық саяси дебат конкурстарында жұлде орындарына ие болып тұрады.

Студенттр iргелi дайындықтың, әрi шет тiлдердi үздiк меңгеруiнiң негiзiнде "Болашақ" Президенттiк стипендия конкурсынан өтiп, өз бiлiмдерiн Франция, Ұлыбритания, Германия, АҚШ, Италия, Жапония, Испанияның жетекшi жоғарғы оқу орындарында табысты жалғастыруда.

Халықаралық қатынастар факультетiнiң түлектерi құқық қорғау органдарында, ҚР Сыртқы iстер министрлiгiнде және шетелде орналасқан ҚР СIМ өкiлеттiлiктерiнде қызмет атқарады. Түрлi халықаралық ұйымдар, қорлар, фирмалар және кәсiпорындар бiздiң түлектердi жұмысқа белсендi шақыруда.

Халықаралық қатынастар факультетi - ҚХҚжәнеӘТУ қызықты және әрқилы студенттiк өмiрдiң факультетi. Бiздiң факультетте ең белсендi және дарынды студенттер бiлiм алады.Студенттiк кештер, конкурстар өткiзiледi және дебаттық клуб қызмет етедi. Бiздiң факультет студенттерi Республикадағы "RINGO" атақты тобының құрамына кiредi.

Факультеттiң ерекше мақтанышы студенттiк КВН болып отыр. КВН командасы республикалық және факультетаралық ойындардың жүлдегерi. Факультет стиуденттер арасындағы жалпы университеттiк спартакиадада жыл сайын жүлде орындарын алып отырады.

 



Авторизация
Login:
Password:
Forgot your password?

Поштаға кіру
Имя: @ablaikhan.kz
Пароль:
© КазУМОиМЯ имени Абылай хана 2009-2011
Управление информатизации, УИ ПО
Республика Казахстан, г. Алматы, ул. Муратбаева 200
Приемная комиссия: +7 (727) 292 23 73; 292 44 60
Приемная ректора: т.+7 (727) 292 23 63; ф. +7 (727) 292 44 73;
e-mail: kazumo@ablaikhan.kz