Университет миссиясы

Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдер Университеті 60-жылдық дәстүрлі білімі бар, сондай-ақ Қазақстан және шет мемлекеттерінде беделі өскен оқу-ғылыми кешендерінің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің 24 наурыз 1998 жылғы №256 Қаулысына сәйкес университетке шет тілдік және халықаралық профилдегі мамандардың кәсіптік дайындығын жүзеге асыру аса маңызды міндеті жүктелді.

ҚазХҚжӘТУ негізгі функциональды міндеттері:

  1. Университет Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің барлық позитивтік бастамаларын жүзеге асыру, жоғары кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесінің алдыңғы қатарында болу.

  2. Әрқашан шеттілдік және халықаралық профилдегі мамандықтардың білім беру инфрақұрылымын жетілдіру және дамыту. Университет алдына халықаралық мамандықтардың номенклатурасын кеңейту және оқытылатын шет тілдерінің санын көбейту міндетін қояды.

  3. Халықаралық және шет тілдік профилдегі мамандықтардың білім сапасының халықаралық стандартына жоспарлы ауысуын жүзеге асыру.

  4. Шет ел тілдерін және халықаралық мамандықтарын ғылыми оқыту және оқу-әдістемелік инфрақұрылымын дамыту.

  5. Ақпараттық технологияны және қашықтықтан оқыту нысанын енгізу негізінде университет іс-әрекетнің профилі бойынша білім алу мүмкіндіктерін кеңейту.

  6. Университет мамандықтарына оқытудың материалдық-техникалық және кітапханалық базасын нығайту.

  7. Университетте экономика тұрғысында білім сапасын жетілдіру жүйесін дамыту.

  8. Қазақстан Республикасының және басқа да елдердің еңбек нарығындағы халықаралық және шет тіл профилді жоғары білікті мамандарға қажеттілікткеріне көңіл бөлу және уақытымен қанағаттандыру.

  9. Студент жастарды гумандық дүниетанымдық рухта және адами құндылықтар бойынша тәрбиелеудегі бағытталған жұмыстарды жүзеге асыру, отандық студенттерге қазақстандық патриоттық идея, ұлтаралық келісім және сыйластықты насихаттау.

  10. Қазақстан Республикасының шет елдермен халықаралық білім беру байланыстарын тереңдету және кеңейту мүмкіндігін жасау.

 



Авторизация
Login:
Password:
Forgot your password?

Поштаға кіру
Имя: @ablaikhan.kz
Пароль:
© КазУМОиМЯ имени Абылай хана 2009-2011
Управление информатизации, УИ ПО
Республика Казахстан, г. Алматы, ул. Муратбаева 200
Приемная комиссия: +7 (727) 292 23 73; 292 44 60
Приемная ректора: т.+7 (727) 292 23 63; ф. +7 (727) 292 44 73;
e-mail: kazumo@ablaikhan.kz