|
Мұражай
Абылай хан атындағы ҚаХҚжӘТУ этногрфиялық және тарихи мұражайының
мақсаты мен қызметі
Мұражай қызметінің мақсаттары:
- қорды сақтау есебін жүргізілуін қамтамасыз ету;
- мұражай заттары мен мұражай жинақтарын сақтау;
- мұражай заттары мен мұражай жинақтарын жинау;
- мұражай заттары мен мұражай жинақтарын жариялау және оларды жүзеге асыру;
- ағарту және білім беру қызметін жүзеге асыру.
Көрсетілген мақсатқа жету үшін қоғамдық бастамаларда жұмыс істеп жатқан мұражай өзінің профиліне сәйкес, келесі қызметтерді жүзеге асырады:
- тарихи, ғылыми, этнографиялық құндылықтарды көрсететін материалдық және рухани мәдениет заттарын зерттеу, жинақтау, есепке алу, сақтау, оқып үйрену;
- факультеттер арасында ғылыми-ағарту, мәдени-тәрбиелік жұмыстарды жүргізу, университеттің оқытушылары мен қызметкерлеріне әр түрлі тақырыптарға арналған экскурция, лекция, салтанатты салт-жораларды және басқа да мерекелік шараларды өткізуге жәрдемдесу.
Тарихи мұражай
2001 жылы Қазақстан Рспубликасының Тәуелсіздігінің 10 жылдығына Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдер Университетінің 60 жылдық мерей тойы тұспа-тұс келді.
Университет ректоры Құнанбаева Салима Сағиқызының басшылығымен этнографиялық мұражай ашылып және тарихи мұражай қайта құрылды.(тарихи мұражай 1981 жылы құрылған).
Мұражай -өткеннен келешекке салынған соқпақ жол, Қазақстан елінің тарихына-тарихи үлкен жол.
Қазақстандық патриоттыққа тәрбиелеу сабақта, сонымен бірге сабақтан тыс уақыттарда оқу орындарында ерекше орын алады.
Қоғамдық –саяси пәндердің оқу жоспарларына, шет тілдері бойынша тәжірбие сабақтарына Қазақстан Республикасының Конституциясының оның егемендігі, міндеттері және әрбір Қазақстан азаматының құқығы Қазақстан тарихы сұрақтары қаралатын тақырыптар қосылды
Бұл сабақтардың жалғасы болып, этнографиялық және тарихи мұражайларда мерекелік шаралардың өткізілуі болып табылады, Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдер Университетінің ардагерлер кеңесі және университеттің Ұлы Отан соғысының ардагерлері белсене қатысады.
Осыған байланысты біз еңбек ардагерлерін және Ұлы Отан соғысы ардагелерін мұражайда студенттермен кездестіріп, студенттерді Қазақстан елін қорғайтын патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Ректораттың және оқу кеңесінің негізгі қызметі оқу процесін және мамандықтарды дайындау сапасын жақсартуға арналады. 1999 жылы университет «Темпус-Тасиса», «Жібек Жолы» бағдарламаларын жеңіп алды, осы бағдарламаға сәйкес университет оқытушылары мен студенттері Бельгия және Испанияда сынақтан өтіп келді, бұған куә мұражайда тұрған мақтау қағаздары мен жүлделер.
Италия және Испания елшілігінің қолдауымен ашылған итальян тілі кафедрасы мұражайға көптеген оқу-ғылыми әдебиеттерін сыйлыққа алып келді. Ал француз және неміс тілі факультеттері халықаралық үлгідегі дипломдарды табыстау бойынша жұмыс жүргізуде.Жыл сайын осы факультеттерде Франция елшілігімен бірігіп, Австралия және Вена университеттерінің елшілері Халықаралық диплом сертификаттарын алуға емтихан өткізеді.
Университеттің ғылыми-педагогтар коллективі, Британ Кеңес коллективімен, ЮСИС-Қазақстан, Франция елшілігімен және Гете институты бірігіп ағылшын, неміс, француз тілдерінде, біздің республикамыздың орта мектептеріне арнап оқулықтар шығарды. Франция, Германия, Түркия, Иран, Мысыр, Оңтүстік Корея және басқа да елдерінің оқу орталықтарында біздің студенттер білім алуда, сонымен бірге тәжірбие алмасып жұмыс істеу жақсы нәтежие беруде.Кәзіргі таңда университетте 10 шетелдік орталық қорлары ашылып, нәтежелі жұмыс жасайды.Мұражайда ғылыми-зерттеу институтының және 3 ғылыми-зерттеу орталықтарының көрнекілік жоспарлары қойылған. Қазақстан Республикасының білім жүйесінің қызметі мен дамуына университет үлкен үлес қосады. Білім берумен қатар, студенттерге рухани тәрбие беру үлкен орын алады, бұған студенттердің «клуб веселых и находчивых», мини театрлар, шет тілдер клубы, спорттық клуб, халық аспаптар оркестрі куә бола алады. Мұражай –университет өмірінің айнасы, бұл жерде факультет кубкілері, кәдесыйлар және елшілердің сыйлықтары жиналған. «Қадірлі қонақтар кітабы» журналында әлемнің әр тілінде жазылған шет елдік және қазақстандық қонақтардың жылы және шынайы тілектері жазылған.
Этнографиялық мұражай
Этнографиялық мұражай –университеттің 60 жылдығына арнлаған Арқабай Абдықадыр шебердің қолдан жасаған сыйы.
Оның үлкен тәрбиелік маңызы бар, тарихты және халықтың салтының маңызын тануға, біздің ата-бабамыздың жоғары эстетикалық танымының бар болғаны көңілімізді көтереді.
Қазақ үйдің жасау-жабдықтары, ою-өрнекті ағаш төсек, ағаш сандық,арнайы ыдыстар әдемілігімен және тартымтылығымен өте жоғары бағаланды. Ою-өрнектермен әшекейленген, темірден қойылған ат-тұрман, өте өнермен жасалған сарбаздың қару-саймандары садақ, сауыт,семсер, қалқан тағы басқа заттар көңіл тартады. Этнографиялық мұражай біздің халқымыздың тарихынан сыр шертеді. Өткен ғасырдағы атақты шешендердің тоқылған бейнелері көз тартады.
Ғалымдардың,билердің бейнелері өткеннен болашаққа жол сілтеп тұрғандай ойландырады. Біздің бабаларымыздың эстетикалық моралді құндылықтары «Табиғат,адам, қоғам процесінде» келер ғасыр ұрпақтарының экологиялық ойлау қабілетінің қалыптасуына себеп болып, рухани дамуына идеологиялық жәрдем болады. Бабаларымыз көшпелі өмір сүрген, негізінен айналысқан ісі мал шаруашылығы болған. Табиғат заңымен өмір сүріп,олар жылына төрт мезгіл жазғы, қысқы, көктемгі, күзгі жайылымдарына көшіп жүрді, өздерінің көштерін таза ұстап және табиғаттың шексіз мүмкіндіктерін пайдаланды. Олар жерден күш жинап, аспанның қуатына шаруашылық-тұрмыс қажетіне қанағат қылды, жердің қозғалысын, табиғаттың өзгерісін байқап,
оларды бағалай білді. Көшпелі халық үй малының төрт есебімен күн көрді. Сүт, ет, киім, көлік ретінде мал болып табылды.Сондықтан қазақтар малды бағалап,оның жүнін, терісін, сүйектерін шаруашылық-тұрмыс қажетіне пайдаланды.
Мұражайға қойылған көрмеден бірер сөз:
- Қазақы үйдің негізі шаңырақтан ,уықтан, керегеден тұрады. Үйдің шаңырағы –атадан әкеге, әкеден балаға, ғасырлар бойы ұрпақтан -ұрпаққа беріледі. Үлкен үй, кенже ұлдың үйі болып саналды.
- Біздің халқымызды ұлттық ұршық киіндірді, ал сыртқы бейнелерін біз бен кесте сәндеді.
- Ер-тұрман бұл – қашқанда құтылатын, қуғанға жететін жүйірік тұлпардың ат-тұрманы. Ер-тұрманға бір қарағаннан аттың мінезін байқай алатын, адамды атбегі деп атады. Біздің бабаларымыз негізінен жылқыны бағалады және асыл тұқымды тұлпарды ұстаған, бұған мәртебелі арғымақтар: Қобыландының Тайбурылы, Алпамыстың Байшұбары,Ертарғының Тарланы, Қамбардың Қарақасқасы дәлел бола алады. Бүгінгі көліктің күші –аттың күшімен өлшенеді.
- Музыкалық аспаптары –домбыра, шертер, қылқобыз, жетіген біздің тұрмысымызда ерекше орын алады. Қазақ халқы қолында ішектері аттың жалынан жасалған қобызынан сыйқырлы әуен төгілген Қорқытты күй атасы деп атаған.
Баяндаманы қорыта айтатын болсақ, бұл мұражайдың көрмесіне қойылған көптеген заттардың, әр қайысының өз тарихы бар.
|
|
|