13.00.02- Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім беру жүйесіндегі ақпараттандыру) мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алуға орындалған «Колледжде компьютерлік оқыту бағдарламаларын қолдану жағдайында ақпараттық-логикалық модельдеудің әдістемесі (физиканы оқыту мысалында)» атты диссертациялық қорғауы бойынша мәжілісі өтеді.
Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті 2009 жылдың 25-26 қарашасында «Біліктілік – мамандарды дайындау сапасының негізі» тақырыбына арналған Республикалықғылыми-практикалық конференция өткізеді.
КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕУ ТӘРТІБІ:
Біліктілік бағыт - қазіргі білім берудің методологиялық негізі.
Маманның біліктілік үлгісі - білім сапасын арттыру факторы.
Біліктілік бағыты негізіндегі шеттілдік білім беру мазмұны.
Мамандарды дайындау сапасын қамтамасыз етудегі инновациялық технологиялар.
Мамандарды дайындаудағы ұжымдық білім беру: мәселелер және шешімдер.
Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті 2009 жылдың 22-23 желтоқсанда «Шеттілдік білім берудегі лингвомәдени бағыт: әдістер мен технологиялар» тақырыбына арналған Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.
КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕУ ТӘРТІБІ:
Лингвомәдени бағыттың методологиялық негіздері.
Шеттілдік білім берудегі тіл және мәдениет.
Мәдениетаралық қарым-қатынас субъектісінің жеке тұлғасын қалыптастыру – шеттілдік білім берудің мақсаты мен нәтижесі.
Мәдениетаралық-коммуникативтік біліктілікті қалыптастыру технологиялары.