|
Қаржы-экономикалық басқару
Берілген нұсқау «Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті» (ҚазХҚжӘТУ) АҚ-ның экономикалық басқарудың (ҚЭБ) қызметінің талаптарын анықтайды және белгілейді.
КЭБ университеттің бухучет және есеп берудің қаржылық, экономикалық, есептік саясаттың негізіндегі құрылым бөлімшелері болып табылады.
Басқару жүмысын әкімшілік басқармасының ұсынысымен университеттің ректорымен тағайындалған басқару басшысы жүргізеді.
Басқарудың құрылымы мен қызметкерлер есебі алға қойылған тапсырмалар мен басқармаға жүктелген жұмыс көлеміне сай ректор бекітеді.
Басқарма өз қызметін Қазақстан Конституциясымен ҚР заңнамасына, нормативті-құқықтық нормаларға, ҚР білім және ғылым министрлігіне, ректордың бұйрығына, университеттің уставына, нұсқауына және бухгалтерлік есептің ұйымдастыруымен жүргізілетін нормативті актіге сәйкес жүргізіледі.
Қаржылық-экономикалық басқарудың мақсаты мен қызмет түрлері.
ҚЭБ қызмет мақсаты университет қызметінің қаржылық менеджменті, басқарудың қаржылық ресурстарын ұйымдастыру, сонымен қатар республикалық және шетел ұйымдарымен байланысу, қаржылық университеті болып табылады.
Көрсетілген мақсаттарға жету үшін Басқарма келесі қызмет түрлерін жүргізеді.
- Университет бюджетін құрап, оның орындалуын бақылайды, айлық шығыс сметасын жүргізеді, университеттің қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесін көрсетеді.
- Университеттің алдын-ала қаржылық (бизнес-жоба) дамуын және негізгі стратегиялық бағыттарын дайындайды.
- Университеттің шығын қызмет деңгейін факторлық сараптама жүргізеді.
- (басқа бөлімшелермен бірлесе) заңдық тұлғалар мен жеке тұлғалар отыратын келісімшарттарды дайындауға және орындауға қатысады.
- Салық және қаржылық қызмет көрсету орталығының мамандарымен шапшаң жағдаяттық жағдайларды шешу мақсатында бірлесе жұмыс жүргізеді.
- Университеттің есеп-қисап қызметін жүргізетін банктермен жұмыс жасайды.
- Қызметкерлердің еңбек ақысының төленуі туралы ұсыныс береді.
- Басқа бөлімшелермен бірге университеттің штаттық кестесін құрады.
- Университеттің тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыруда тағы да басқа жұмыстар жүргізеді.
Қаржылық-экономикалық басқарудың шешімдері мен функциялары.
Негізгі шешімдер:
- Бухгалтерлік әдістемелік нұсқаулардың стандартына және есептік жоспарға сай бухгалтерлік есеп пен қаржылық есепті енгізу.
- Барлық мүлікке, қолданылған материалдық, еңбектік, қаржылық жұмыстарға бақылау. Сондай-ақ заманға сай бюджеттік есеп және бюджеттен тыс фонтармен, несиемен, т.б. қаржылармен қамтамасыз ету.
- Университеттің материалдық-техникалық базасын дұрыс пайдалану, өз уақытында ақшалай құнды тізімге алу, материалдық-тауарды бағалау мен есептеуді қамтамасыз ету.
- Бағдарламаға сай жылдық кіріс-шығыс сметасын құру, университеттің қаржылау жұмыстарын жоспарлау, ұйымдастыру.
- Негізделген экономикалық білімділік және басқа да қызмет түрлерін құру.
- Университеттің штаттық кестесін ұйымдастыру, төлемақы түрлерін анықтау, материалдық статусын көтеру.көрсетілген қызмет түрлерінің маркетингін өткізу,
- Университет қызметінің негізгі көрсеткіштерін анықтау, университеттің қаржылық тәуелсіздігі.
- Бухгалтерлік есеп беруді құру, нәтижесін анықтау және университеттің қаржылық-шаруашылық қызметін толық қамтамасыз ету.
- Студенттердің стипендиясын және қызметкерлердің еңбек ақысын дұрыс есептеу, уақытылы төлеу.
Функциялары:
Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру операцияларының толық көрсетілуі.
Табиғи өлшеулер негізінде міндеттелген шаруашылық операциялардың, мүліктерді есептеуді ұйымдастыру. Университет негізгі қорларын есептеу, қайтарымды және ақшалай жүйелерді, шығыс сметаларын орындау.
Университеттің оқытушы-рофессорлар құрамын, оқу-көмекші, әкімшілік қызмет көрсету қызметкерлерінің есебін дайындау.
Ақылы келісімшарттарды ұйымдастыру, студенттік несиені рәсімдеу.
Бөлімдердің кірісін анықтауда университеттің құрылым бөлімшелерінің шығыс-кіріс сараптамасын жүргізу.
Жүргізілген жұмыс нәтижесінде, кіріс-шығыс жүйесі бойынша университеттің қызмет деңгейін анықтау.
Заңнамамен басқармаға жүктелген басқа да жұмыстарды жүргізу.
Байланыстар:
Қаржы-экономикалық басқару бастығы - Азимбаева Алма Мамырхановна
e-mail: azimbaeva.a@ablaikhan.kz
телефон: +7(727)292-29-61
|
|
|