Жастар саясаты

Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ жастар
саясаты жөніндегі проректоры филос.ғ.к.
 Сережкина Татьяна Владимировна

Біздің сайт беттеріне қош келдіңіз!

Біздің рубрикалар бойынша алынған ақпараттар Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ студенттердің өмірін қызықтыратын барлық адамдар үшін қызықты әрі пайдалы болады деп үміттенеміз.

Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ жастар саясатының басты міндеті-ұлттық және жалпы адамзаттың құндылықтар негізінде жан-жақты жеке тұлға қалыптастыру үшін жағдай жасау, білім және жан-жақты даму, мемлекеттік және орыс тілдерін сақтау, шет тілдерін үйрену, мәдениетті, ұлттық дәстүрді және салтты зерттеу, ақпараттандыру, денсаулықты сақтау.
Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ басшылығы студенттер бастамасын үнемі қолдайды, жастардың азаматтық-құқықтың ұстанымын дамытады, университеттің өзін-өзі басқару жұмысын ынталандырады, жастардың қазіргі заманғы сұраныстары мен талаптарын есепке ала отырып, студенттік ұйымдар қызметінің белсенділігін арттыруға көмектеседі. Мемлекеттік жастар саясаты Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, мәдени және ұлттық даму саласындағы мемлекеттік саясаттың құрамдас бөлігі болып табылады және Қазақстан қоғамын жаңа заман талаптарына сай құруда олардың жауапты үлес қосуы үшін өз жолдарын адаспай табуға қажетті жағдайларды жасауға бағытталған құқықтың, ұйымдық-басқару, қаржы-экономикалық, ғылыми және ұлттық даму сипатындағы шаралардың тұтас жүйесін қамтиды.
Қазіргі Қазақстандағы мемлекеттік жастар саясаты еліміздегі қолданылып жатқан жастар мен мемлекетке қатысты істерді реттеу жөніндегі мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар қызметін жүйелейтін төмендегі заңдарға сүйенеді: Қазақстан Республикасы Конститутциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы бала құқығы туралы» заңы, Қазақстан Республикасы «Сенім серіктігі мен діни бірлестіктер туралы» заңы, Қазақстан Республикасының «Неке мен отбасы туралы» заңы, «Қазақстан-2030» стратегиясы, Қазақстан Республикасының кәмілетке толмағандар арасында құқық бұзушылықты реттеу және балалардың алдын алу туралы» заңы, Қазақстан Республикасының «Темекіні шектеу және алдын алу туралы» заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық денсаулығы» мемлкеттік бағдарламасы туралы «Жарлығы, білімді дамытудың мемлкеттік бағдарламасы, 2015 жылға дейін Қазақстан Республикасында білімді дамыту тұжырымдамасы «Бала құқығы туралы» кновенция және тағы басқалары. 

 



Авторизация
Login:
Password:
Forgot your password?

Поштаға кіру
Имя: @ablaikhan.kz
Пароль:
© КазУМОиМЯ имени Абылай хана 2009-2011
Управление информатизации, УИ ПО
Республика Казахстан, г. Алматы, ул. Муратбаева 200
Приемная комиссия: +7 (727) 292 23 73; 292 44 60
Приемная ректора: т.+7 (727) 292 23 63; ф. +7 (727) 292 44 73;
e-mail: kazumo@ablaikhan.kz