"Абылай хан" пікір-сайыс клубы

Абылай хан атындағы
Қазақ Халықаралық Қатынастар
және Әлем Тілдері Университетінің
"Абылай хан" пікір-сайыс клубының
ЖАРҒЫСЫ

1. Жалпы ережелер
2. Дебат клубының мақсаттары мен міндеттері
3. Клубтың стратегиясы
4. Клуб отырысы.
5. Клуб мүшелегі.
6. Клуб мүшелерінің құқықтары мен міндеттері
7. Турнир ұйымдастырудың тәртібі
8. Дебат турниріне таңдау тәртібі

1-бөлім Жалпы ережелер
A. «Абылай хан» дебат клубы жастардың, студенттер бірлестігінің ерікті ұйымы. Бұл ұйым жастардың бойында шешендік өнерді, көшбасшылық қасиеттерді, ұйымдастыру қабілетін дамыту мақсатында құрылған.
В. «Абылай хан»   дебат клубы  Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ-нің  Жастар ісі жөніндегі комитетінің толыққанды мүшесі. Клуб барлық жұмысын осы ұйыммен үйлестіріп отырады.

2-бөлім  Дебат клубының мақсаттары мен міндеттері
A. «Абылай хан» дебат клубы студенттер арасында парламентаризмді дамыту, сыни көзқарасты қалыптастыру мақсатында құрылған.
B. «Абылай хан» дебат клубының міндеттері
- Қисынды, риторика мен шешендік дағдыны дамыту;
- Ұйымдастыру қабілеті мен сыни ойлауды дамыту;
- Алматы қаласы ЖОО-ның жан-жақты дамыған студенттерімен байланыс орнату.

3-бөлім. Клубтың құрылымы
A. «Абылай хан» дебат клубынң құрылымына басшылық (Актив) және клуб мүшелері кіреді.
B. Басшылық (Актив):

  • Президенті;
  • Президент орынбасары;  
  • Қазақ тіліндегі лига үйлестірушісі;
  • Қазақ тіліндегі лига үйлестірушісінің орынбасары;
  • Орыс тіліндегі лига үйлестірушісі;
  • Орыс тіліндегі лига үйлестірушісінің орынбасары;
  • Ағылшын тіліндегі лига үйлестірушісі;
  • Ағылшын тіліндегі лига үйлестірушісінің орынбасары;   

C. Клуб басшылығы мен мүшелері арасындағы қарым-қатынас мына кесте бойынша жүзеге асырылады:

 Клуб басшылығының міндеттері:

  • Президент–клуб жетекшісі, ұсыныстар жасап, клуб отырыстарын ұйымдастырады, клубтың барлық жұмысын университет әкімшілігімен үйлестіреді, клубтың құрылымын бекітеді, жарғыға сәйкес таңдау барысында квотаны белгілейді;
  • Вице – Президент – бірінші орынбасар Президент болмай қалғанда оның барлық міндеттерін атқарады; 
  • Лигалар бойынша үйлестірушілер өз лига мүшелерінің жауапкершілігіне, олардың дайындығына жауап береді.
  • Лигалар бойынша үйлестірушілердің орынбасарлары өз лига мүшелерінің жауапкершілігіне, олардың дайындығына жауап береді, егер үйлестірушілер болмаған жағдайда олардың міндеттерін атқарады.

4-бөлім Клуб отырысы
- Дебат клубының отырысы маусым басталғаннан, ол аяқталғанға дейін әр аптаның бір күні қысқы каникулдан өзге уақытта өткізіледі: қазақ лигасы: жұма; ағылшын лигасы: сәрсенбі; орыс лигасы: сейсенбі
Отырыс болатын күн меркелерге сәйкес келсе немесе қандай да бір маңызды оқиға болса кейінге шегерілуі мүмкін.
- Отырыс өтетін орын 1-ші оқу ғимаратының 116–шы дәрісханасы.
- Отырыс барысында клубтың ағымдағы жұмыстары талқыланады және дебат бойынша білім беру жұмыстары мен тренингтер өткізіледі.
- Клуб жұмыстарын ұйымдастыру ісіне клуб басшылығы жауапты. Ал клуб мүшелерінің жұмысына Бас жаттықтырушы мен вице-президент жауап береді.  
- Клубтың кезектен тыс отырысын өткізу Президенттің шешімімен жүзеге асырылады. Бұл хабар үйлестірушіге 1 күн бұрын ескертілуі тиіс.
- Қажет болған жағдайда отырысты өткізетін орын өзгертілуі мүмкін. 
- Клуб басшысы рұқсат еткен жағдайда отырысқа басқа да адамдардың қатысуына болады.

5-бөлім. Клуб мүшелігі
1) Клубқа мүшелікке  ҚазХҚ және ӘТУ-де оқитын кез-келген студент өте алады.
a) Клуб мүшесі қатарынан шығару мәселесін клуб активы шешеді.

6-бөлім. Клуб мүшелерінің құқықтары мен міндеттері
A. «Абылай хан» дебат клубының мүшелері ЖОО басшысы алдында өткізген дебат турнирлері үшін жауапты:
-клуб басшысын сайлауға және сайлануға құқылы;
-клуб басшылығына өз ұсыныстарын айтып, жұмыс барысына қатысты өзгеріс енгізе алады;
-клуб жұмысы туралы басшылықтан ақпарат ала алады;
B. дебат клубының мүшелері:
-жарғы талаптарын сақтауға;
-клуб міндеттерін белсене орындауға;
-клуб басшылығының талаптарын орындауға міндетті.

7-бөлім. Турнир ұйымдастыру тәртібі 
A. «Абылай хан» дебат клубы турнирлерді түрлі масштабта және әр түрлі тақырыптар бойынша өткізеді. Сонымен қатар дәстүрлі турнирлер де өтеді.  
· дебатқа жаңадан келген жастар үшін жалпыуниверситеттік турнир өткізіледі;
· қалалық деңгейде өткізілетін ҚазХҚжәнеӘТУ-нің  ректоры атындағы ашық дебат турниры;
· Абылай ханатындағы кубок үшін ұйымдастырылатын қалалық дебат турниры.
B. Турнир өткізу кезінде ұйымдастыру комитеті құрылады.
C. Клуб президенті турнир өткізуге өтінім береді, уақытын белгілейді және турнир үшін ЖОО басшылығы алдында жауап береді.
D. Ұйымдастыру коимтетінің  жетекшісі қызметін ЖОО-ның басшылығы тағайындаған клубтың кез келген мүшесі  атқара алады. 

8-бөлім. Дебат турниріне таңдау тәртібі 
A. қалалық турнирге қатысу үшін:
· әрбір команда қашан құрылғанына қарамастан таңдауға қатысуға құқы бар.
· әр лига үйлестірушісі квотаға сәйкес таңдау жүргізеді.
· әр лига үйлестірушісі таңдаудан өткен командалардың тізімін клубдың президентіне ұсынады.

B. Аймақтық, республикалық, халықаралық дебат турнирлеріне қатысу үшін: 
· Мұндай турнирлерге кемі 6 ай бойы дебатқа қатысқан  командалар жолдама алады.
· Оларды таңдау тәртібін турнир дәрежесі мен квотаға сәйкес клуб президенті анықтайды.
· әр лига үйлестірушісі таңдаудан өткен командалардың тізімін клубдың президентіне ұсынады.

 



Авторизация
Login:
Password:
Forgot your password?

Поштаға кіру
Имя: @ablaikhan.kz
Пароль:
© КазУМОиМЯ имени Абылай хана 2009-2011
Управление информатизации, УИ ПО
Республика Казахстан, г. Алматы, ул. Муратбаева 200
Приемная комиссия: +7 (727) 292 23 73; 292 44 60
Приемная ректора: т.+7 (727) 292 23 63; ф. +7 (727) 292 44 73;
e-mail: kazumo@ablaikhan.kz