|
Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы
Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы
Баякешов Бауржан Асанович
байланыс телефоны 292-08-00 (ішкі 3101)
Жастар саясаты саласы бойынша жұмыс атқаратын жастар ісі жөніндегі комитетті дамытудың стратегиялық мақсаты-жастарды тәрбиелеу. Қазіргі заманғы технологиясы негізіндегі таланттарын қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан қауымдастығының дамуына елеулі үлес қосуға қабілетті студент жастардың жеке тұлғасын жүзеге асыру және дамыту.
Жастар ісі жөніндегі комитет жастар саясаты жөніндегі проректор бекіткен жылдық жоспар негізінде қызметін жүзеге асырады. Жастар ісі комитеті Аыблай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ студенттер ұйымында моральдық-психологиялық ахуалды тең тиісті деңгейде ұстап тұрады. Жастармен жұмыс істеудің алдыңғы қатарлы әдістерін енгізеді, жұмыста техникалық құралдарды пайдалануды қамтамасыз етеді, республиканың басқа да ЖОО комитеттерімен байланыстарды нығайтуда.
Негізгі міндеттері:
-жастар саясатын жүзеге асыру және оны іске асыру жөніндегі шаралар жүргізу;
-университетте, факультетте, топтарды оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруға және жақсартуға ат салысу, студент ұйымдарында шығармашылық пен өзара көмекті қалыптастыру;
-студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру;
-әртүрлі бағыттағы байқаулар мен жарыстар ұйымдастыру;
-жастар саясатын жүзеге асыру, жастар мәселелерін дер кезінде шешу мәселесінде университеттің қоғамдық ұйымдарының қызметін ұйымдастыру;
-жоғары инстациялармен жастар ұйымдарымен жұмыс білу. Жастар ісі жөніндегі комитет қызметінің бағыттары:
-университетте жастар саясатын бүкіләлемдік жүзеге асыру жөніндегі жұмыстарды жүргізу;
-ҚР заң актілеріндегі «ҚР мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңда, ҚР мемлекет жастар саясаты тұжырымдамасында жазылған құқықтарды сақтауды қамтамасыз ету;
-университеттің студент жастары құқығына қарсы әрекеттерді реттеу жөніндегі саясатты жүргізу;
-университетте, факультетте, топтарда оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру және жақсартуға қатысу;
-студенттер ұжымында шығармашылық пен өзара көмек жағдайын қалыптастыру;
-әртүрлі бағыттар бойынша байқаулар мен фестивальдар ұйымдастыру;
Жастардың ұжымдық және жеке кәсіпкерлік қызметін қолдау және дамыту, гранттар алу үшін конкурсқа қатысу, жастардың өзін-өзі басқаруын дамытуға және жастардың мазмұнды демалысын ұйымдастыруға жағдай жасау;
-жоғары тұрғын органдардың ректораттың шешімдерін орындау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
-сәйкес бағыттар бойынша университет, факультет жұмыстарына басшылық жасау;
-комитеттің оның бөлімшелерінің жұмысын жоспарлау, студенттік өзін-өзі басқару жұмыстары жоспарының орындауын қадағалау; |
|
|