|
Кодекс
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті.
Студенттің ар-намыс кодексі
Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-ті студенттері оқытушылар, студенттер мен әкімшілік арасындағы шынайы демократиялық және сыйластық қарым-қатынас құруға тырысуда, кәсіби және мәдени бейімделген тұлға сапасын арттыруға, дүниетанымдық күш-жігермен, креативті ойлау қабілетінмен, мамандығы бойынша тұрақты құзырлылықпен қаруланған тұлғаны анықтауға және бірлескен басқару ұстанымдардың дамуы мен басқаруын өз парызым деп санап, бар жауапкершілікпен берілген кодекс қағидаларын қабылдап, оны орындауға міндетті.
- Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ студенті оқуға және білім бақылауының бар түріне адал болып, қабылданған оқу стандарттарын сақтайды.
- Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ студенті жасамауы тиіс:
- оқытушыларды адал жолдан тайдыру, алдаумен байланысты жасалған кез келген іс-әрекетке араласу және оларға қатысты өздерін дөрекі және мәдениетсіз ұстау;
- емтихан тапсыру кезінде, тапсырма орындауда немесе жазбаша жұмыс қорғауда және басқа да білімді аралық бақылау кезеңінде көмек пайдалануға, беруге және алу;
- емтиханды жазбаша тапсыру, реферат, бақылау жұмысын орындауда өз жеке еңбегі нәтижесі ретінде басқа біреудің жұмысын көрсету немесе ұсыну (интернет және басқа электронды, web-көздері);
- себепсіз сабақтан кешігу немесе қалу;
- студент сабақ уақытында ұялы телефонды пайдалануға болмайды, арнайы техника қолдану арқылы ойын ойнып, музыка тыңдауға болмайды.
- Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ студенттердің міндетті:
- университет атынан жүргізіліп жатқан іс-шараларда немесе университет аумағынан жүргізілетін жұмыстарда саяси мәдениеттілікті сақтауға;
- басқа студенттердің қарым-қатынас жасауда іскерлік ережені және студенттік этика қағидаларын сақтауға;
- өзге ұлттардың салт-дәстүріне шыдамдылықпен және құрметпен қарауға, әр алуан этникалық, әлеуметтік топтар мен діни конфессиялардың мәдени және өзге ерекшеліктерін ескеру болады;
- ойша және жүріс-тұрысында, киім киюде ұқыпты болуға;
- Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ студентті жатақханада тұрғында әкімшілік және басқа тұрғындармен келіспеушілікпен аулақ болуға тиіс және олармен жақсы қарым-қатынаста болуы тиіс.
- Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ студенті университет әкімшілігімен, қызметкерлерімен және оқытушыларымен сыпайы қарым-қатынаста болады және дөрекілікке жол бермейді.
- Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ студенттеріне жеке тұлғаның намысына тиетін лексика және нормаға сай емес сөйлеуіне тыйым салынады.
- Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ студенттері университет бірлестігінде өзара сыйластық пен сенім кеңістігін, жоғары академиялық мәдениетті құптауды қамтамасыз етеді, пайда болған араздықты бейбіт жолмен шешуге тырысады, басқа студенттерге қатысты жасалған қорлыққа жол бермейді.
- Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ студенттері Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-ті беделіне немесе студенттік бірлестік абыройына нұқсан келтіретін іс-әрекеттен аулақ жүреді.
- Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ студенттері университет аумағында және оқудан тыс уақытта алкагольдік ішімдіктер, наша заттарын қолданбайды.
- Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ студенттері университет мүлкінің бүтіндігін сақтайды және вандализм көріністеріне жол бермейді.
- Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ студенттері университет имиджінің жақсаруы, бірлестік мәдениетін көтеру, студенттік белсенділікті дамыту (ғылыми-оқу, спорттық, шығармашылық, азаматтық) студенттік өзін-өзі басқару жүйесін нығайтуға бағытталған қажетті және пайдалы барлық іс-әрекетті қолдайды (қабылдайды).
- Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ студенттері осы кодекс ережелерінің бұзылуына қатысты жағдайды шешуге қатысуға, оқу үрдісіне және жалпы ұйымдастыру сұрақтарына байланысты өз пікірін айтуға құқылы.
- Факультеттегі студенттердің өз-өзін басқару органдары өз қалауы бойынша берілген кодекс ережелерін бұзушыларға: көпшілік талқысына салуға, студенттік өз-өзін басқару ісіне қатысу құқығынан уақытша айыруға құқылы. Әр факультет мұндай талқыға салу сұрақтарын студенттік өзін-өзі басқару ұйымында өздері шеше алады.
|
|
|