|
Cтуденттердің кәсіподақ комитеті
Cтуденттердің кәсіподақ комитеті
Студенттердің кәсіподақ төрайымы
Егенбаева Гулжан Сәрсембековна
оқу корпусы №1, каб №105 байланыс
телефондары: 292-08-00 ішкі 2155
Студенттер кәсіподақ комитеті ерікті, дербес, тәуелсіз қоғамдық үкіметтік емес бірлестік, заңдық қызығушылығы мен құқығын орындау үшін студенттердің кәсіптік қызығушылықтарының ортақтығы және өз қалауын еркін білдіруінің негізінде құрылған.
Студенттер кәсіподағының мақсаты:
- Студенттердің қызығушылығы мен құқығын көрсету және қорғау;
- Студенттердің білім алуда, әлеуметтік-тұрмыстық және олардың қызығушылығына қатысты басқа да сұрақтарын шешуге көмектесу;
- Медициналық көмек көрсету үшін мүмкіндіктер туғызу, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайының жақсаруына көмек көрсету;
- Тәрбие барысын ұйымдастыруда басқару мекемелерінің, сонымен қатар студенттердің бос уақыты мен тұрмысына көмектесу;
Студенттер кәсіподағы келесі бағыттар бойынша өзінің тапсырмаларын жүзеге асырады:
Идеологиялық бағыт (студенттерге әлеуметтік-экономикалық жағдай мен кепілдік жасау үшін олардың рухани, мәдени, білім беру және дене шынығуының дамуы, олардың шығармашылық күш-қуатының ашылуы);
Әлеуметтік бағыт (материалдық көмекті қажет ететін студенттерге беруді ұйымдастыру, университеттің қоғамдық өміріне белсене араласқан және студенттердің оқуда жақсы табыстары үшін сыйлыққа ұсыну, грантқа ауыстыру және шәкіртақы иесі атануын белгілеуде университет әкімшілігінің алдында.
Тұрмыстық бағыт (университет жатақханасының жағдайна бақылау жүргізуді өткізу, жатақханада тұратындар туралы мәлімет қорын жүргізу, жатақханаға студенттерді қоныстандыру және жатақханадан қоныс аудартуға қатысуы);
Мәдени-бұқаралық бағыт (университеттегі әр-түрлі мәдени-бұқаралық іс-шаралардың өтуі мен ұйымдастырылуына және жатақханада студенттердің жан-жақты қажеттіліктері толық қанағаттануы үшін көмектесу)
Дене шынықтыру бағыты (университеттің спорттық жетістіктерін баяндау, спортакиадалар, спорттық жарыстарды өткізуде және ұйымдастыруға көмектесу және т.с.с.);
Құқықтық бағыт (студенттерді олардың заңды құқығы мен міндеттері жөнінде сұрақтарына кеңес беру).
Студенттік кәсіподақ комитеті факультет деканаттарымен, студенттік кеңестерімен және университеттің студенттік ұйымдарымен тығыз жұмыс жасайды. |
|
|