8,9,10,11 сыныптардан кейін қабылдау:
лицейді бітіргеннен кейін мемлекеттік үлгідегі орта білім куәлігі және шет тілі білімімен экскурсовод сертификаты беріледі.
9-11 сынып бітірушілерге.
Колледж келесі мамандықтар бойынша мамандықтар дайындайды
0515000 – «Менеджмент» (салалары бойынша);
0518000 – «Экономика, бухгалтерлік есеп және аудит» (салалары бойынша)
1305000 – «Ақпараттық жүйелер» (қолдану салалары бойынша)
Колледжді бітіргеннен кейін жоғарыда көрсеткен мамандықтар бойынша мемлекеттік үлгідегі орта кәсіптік білімі туралы диплом беріледі.
Бағдарламаның ерекшеліктері: мемлекеттік және европалық толық орта білім стандарттарына сәйкес университетің әдістемесі бойынша кәсіби дайындық пәндерін және шет тілін тереңдетіп оқытады.
Оқыту қазақ, орыс тілдерінде жүргізіледі.
Оқудың түрлері: күндізгі, кешкі және сырттай.
Оқу мерзімі: 9 сынып негізінде –2 жыл 10ай.
11 сынып –1 жыл 10ай.
Оқу процесі студенттердің теоретикалық оқуы мен туристік фирмаларда, қонақ үй шаруашылығында, шет елдерде өткен кәсіби тәжірбие жұмыстарын біріктіреді.шет тілін оқытуға терең көңіл бөлінген. Колледждің түлектері Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ және Алматы қаласының басқада ЖОО ұқсас мамандықтар бойынша екінші курстан оқуларын жалғастыруға құқығы бар;
Халықаралық туризм колледжі туралы кәзіргі “Ереже” ҚР Азаматтық кодексі және оқу орынының Жарлығымен, “білім туралы” Заңның негізіне сәйкес жасалған. Колледж ҚР қажеттілігін қанағаттандыру және өздерінің қызметтерін туристік бизнесте және басқа да әлеуметтік-экономикалық және халықаралық салаларда жүзеге асыратын мамандықтарды дайындауды жүзеге асыру мақсатында құрылған.
Оқу-тәрбие қызметі
Оқу-тәрбие қызметі орта кәсіптік білім беру мамандықтарының Мемлекеттік жалпыға бірдей стандарт негізінде жасалған оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйес жүзеге асырылады.
Оқу 1 қыркүйектен басталып, 1 шілдеге дейін аяқталады. Оқу жылының ұзақтығы 52 оқу аптасын құрайды. Оқу жылындағы демалыс ұзақтығы 11 аптадан кем емес. Оқушылардың оқу жүктемесі аптасына 36 сағатты құрайды. Бөлек пәндер бойынша лаборатория теоретикалық,практикалық сабақтар соның ішінде дене тәрбиесі бойынша, тілдерді оқыту бойынша топтар ішкі топтарға бөлінеді.ішкі пәндерді бөлуді жүргізу кезінде оқытудың оқу пәндерінің тізімдемесі оқу жоспарларымен белгіленеді. Сабақ оқу ұзақтығы 90 минут 10 минут үзілісімен бірге. Теоретикалық,практикалық сабақтардың кезектемесі оқу жоспарымен белгіленеді.
Оқушылардың кәсіптік тәжірбиесі тәжірбие негіздері белгіленген ұйымдарда өткізіледі.
Кәсіптік тәжірбиенің түрі, мерзімі және мазмұны оқу жоспарлары және бағдарламасымен белгіленеді, ұйымдардың келісімдері бойынша келісімшарт негізінде тәжірбие ұйымдарының күнтізбе графигі бекітіледі.
Толық бағдарламаны оқып меңгерген және мамандандырылған Мемлекеттік комиссияға емтихандарын сәтті тапсырған студенттерге, мемлекеттік үлгідегі арнайы орта білім туралы Диплом беріледі.
0702 «Менеджмент» мамандығы бойынша шет тілі білімі бойынша колледж түлектері, оқуларын Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ жалғастыра алады және келесі салаларда өздерінің кәсіптік қызметтерін жүзеге асыра алады: