Магистратура

Магистратура деканы – Исмаилова Фатима Есмағамбетқызы

Магистратура тарихы

Абылай хан атындағы Қаз ХҚ және ӘТУ-дің магистратурасы1998-1999 оқу жылынан бері жұмыс істеп келеді. Магистратураның бірінші деканы - Исмаилова Фатима Есмағамбетқызы.

Магистратура жұмыс істегелі 500-ден аса магистранттар бітірді, олар қазіргі кезде республиканың жоғарғы оқу орындарында жұмыс істеп қоймай, сондай-ақ жетекші бизнес-компанияларда, мұнай және газ өңдеуші , заң салаларында, сыртқы істер министрлігінде, БАҚ және басқа ҚР қоғам өмірінде еңбек етеді.

Шетелдегі магистратурада оқуға 5 адам шақыру алды.

Абылай хан атындағы Қаз ХҚ және ӘТУ-дің магистратурасында оқудың болашағы зор.

Жалпы ережелер

Магистратура туралы ережеде магистратураны тағайындау, гуманитарлық ғылым магистріне және оқу үдерісіне қойылатын талаптар берілген.

Абылай хан атындағы Қаз ХҚ және ӘТУ-дің магистратурасы ғылым магистрі академиялық дәрежесі бар жоо-ның ғылыми және шығармашыл оқытушылары үшін мамандар даярлауды жүзеге асырады.

Ғылым магистрі- шығармашылық ойлауға қабілетті, ғылыми жұмысты өздігінен жүзеге асыра алатын, танымдық жауапты шешімдер қабылдай алатын, өзінің арнайы білімі мен сапасын үнемі жетілдіріп отыратын кең ауқымды, терең білімді маман.

Абылай хан атындағы Қаз ХҚ және ӘТУ-де магистрлерді даярлау мамандықтар(мамандандырулар) ҚР МЖМБС 3.09 ҚР мемлекеттік жалпы білім беру стандарты бойынша және мамандықтар Жіктеушісіне сәйкес жүргізіледі.

Магистратура мақсаты мен міндеттері

Абылай хан атындағы Қаз ХҚ және ӘТУ-дің магистратурасы мақсаты - іргелі ғылым мен білім беруді дамыту сұраныстарына жауап беретін жоғары білікті маман даярлау, университет деңгейін көтеру,ҚР-дағы университеттік білім беру жүйесін халықаралық стандарттарға жақындату.

  • жоғары ғылыми-педагогикалық білімді және практикалық бағыттағы, сондай-ақ әртүрлі салаларды ұйымдастыруға арналған басқару қызметі мамандарын даярлау;
  • кәсіби білім беру саласында тұлғалар сұранысын қанағаттандыру,ұйымдар тапсырысы бойынша мақсатты мамандар даярлау;
  • Магистранттарды педагогикалық қызметтің таңдалған бағытында теориялық және практикалық жеке даярлауды тереңдету, олардың аса маңызды және тұрақты білімді меңгеруі, әлемнің ғылыми бейнесін тұтас қабылдауы;
  • магистранттарда өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі дамыту қабілеттерін шыңдау, жаңа білімді өздігінен шығармашылықпен меңгеруі;
  • зерттеу және басқару қызметін жүзеге асыра алатын, жоо-нда сабақ бере алатын, заманауи ғылыми және практикалық мәселелерді шешуге қалыптастыруға қабілетт, жоғары деңгейлі кәсіби мәдениетті магистранттар даярлау;
  • халықаралық еңбек нарығында ғылым магистріне лайықты көлемде кәсіби білім алуға жағдай жасау.

Магистратурада оқыту ҚР бакалавриаты мен магистратурасы маммандықтарының Жіктеушісіне сәйкес жоғары базалық немесе жоғары арнайы білім беру негізінде жүзеге асырылады.

Магистратураның негізгі міндеті –ЖОО-да мұғалімдерді және ғылыми мекемелерге мамандар дайындау. Ғылым магистрі – жоғарғы мектеп зерттеушісі, өз мамандығына сәйкес келетін ғылыми жұмыспен айнылысуға дайын кәсіби жоғарғы білімді маман.

Барлық магистранттар ғылыми зерттеу жұмыстарымен қамтылған: Магистрлік диссертациялар мәселелері бойынша жылына 1рет ғылыми конференцияларға қатысуға міндетті;

Ғылыми – педагогикалық тәжірибе маманның мақсатты түрде ғылыми деңгейін және басқа да маңызды ерекше ғылыми зерттеу жүргізу қабілеттілігін арттырады.

Магистрлік диссертацияны оқытатын және жүргізетін жоғары академиялық кәсіби мамандар: - ғылыми докторы, 41- ғылым кандидаты, профессорлар және ұзақ мерзімді еңбек өтілі бар доценттер, сондай-ақ Ұлыбритания, Франция, Австралиядан келген мамандар.

Ғылыми дәрежесі мен атағы бар оқытушылар мен профессорлар құрамы 98,2 пайызды құрайды.

 


Послевузовское образование

Авторизация
Login:
Password:
Forgot your password?

Поштаға кіру
Имя: @ablaikhan.kz
Пароль:

70 летие КазУМОиМЯ
© КазУМОиМЯ имени Абылай хана 2009-2011
Управление информатизации, УИ ПО
Республика Казахстан, г. Алматы, ул. Муратбаева 200
Приемная комиссия: +7 (727) 292 23 73; 292 44 60
Приемная ректора: т.+7 (727) 292 23 63; ф. +7 (727) 292 44 73;
e-mail: kazumo@ablaikhan.kz