Курс жайлы
  1. Топпен және жеке оқулар
  2. Оқу бағдарламасы

Шетелдіктер үшін орыс тілі сабағы төмендегідей бағытта өткізіледі:

  • Топпен (20 ак.сағ.)
  • Жеке
  • Топпен + жеке (20 ак.сағ. + 4/10 ак.сағ.)

Топпен оқу дүйсенбіден жұмаға дейін аптасына 4 рет болады, кішкентай топтарда 5-7 студенттен (максимум 9 студент) күніне 5 академиялық сағат бойынша оқытылады.

Бағдарлама бойынша практикалық орыс тілінен аптасына 20 сағат беріледі. Тілдік дайындықтың ілгері басуын үнемі тестік жүйе арқылы тексеріп отырады және әрбір студентке үй тапсырмасы мен жеке ұсыныстар беріледі.

Шетелдіктер үшін орыс тілді курсында студенттердің жеке оқу түрін таңдауына мүмкіндігі бар. Бұл тіл үйренуде аз уақыт ішінде жоғарғы нәтижеге қол жеткізудің тиімді жолы. Оқу бағдарламасы студенттің кәсіби қызығушылығы мен жекелеген қажеттіліктерін ескере отырып жасалынады. Сабақ кестесі де студенттің қалауы бойынша қойылады. Студент аптасына оқу бағдарламасының 16 академиялық сағатынан 30 сағатына дейінгі аралықтағы сағат сандарын таңдауына болады.

Шетелдіктер үшін орыс тілді курсында студент белгіленген күндердің оқу бағдарламаларын таңдауына болады. Мысалы: академиялық жыл, семестрлік оқу бағдарламасы, интенсивті жазғы курс бағдарламасы немесе өзінің меншікті 3 және 32 апталық оқу күндері аралығының бірін белгілеуіне болады.

Егер студентке белгіленген күндердің оқу бағдарламалары ұнамаса, онда ол «Менің өзімнің бағдарламам» атты оқу бағдарламасын таңдауына болады және оқу мерзімін өз бетінше қойып,

сабаққа қатысу уақытын өз қалауынша белгілей алады. Курсқа қабылдау кезіндегі жүргізілген тестің нәтижесі бойынша біз студенттің тілдік деңгейін анықтап, оны өз деңгейіндегі топтармен бірге отырғызуға көмектеседі. Студент жақын арадағы дүйсенбі күнгі сабаққа қатысуына болады.

 



Авторизация
Login:
Password:
Forgot your password?

Поштаға кіру
Имя: @ablaikhan.kz
Пароль:

70 летие КазУМОиМЯ
© КазУМОиМЯ имени Абылай хана 2009-2011
Управление информатизации, УИ ПО
Республика Казахстан, г. Алматы, ул. Муратбаева 200
Приемная комиссия: +7 (727) 292 23 73; 292 44 60
Приемная ректора: т.+7 (727) 292 23 63; ф. +7 (727) 292 44 73;
e-mail: kazumo@ablaikhan.kz