Ректор, филология ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық Жоғарғы Мектеп Академиясының академигі – Құнанбаева Салима Сагиевна.
Қазақстан Республикасының өзге тілде білім берудің мазмұны мен құрылымы туралы мәселелердің жетекші маманы, ҚР білім беру Министрлігінің төмендегідей мамандықтары бойынша оқу-әдеістемелік орталығының төрайымы, «Жоғарғы мектеп хабаршысы» журналының редакторлар алқасының мүшесі, «Шет тілдерін оқытудың теориясы мен әдістемесі» арнайы кеңесінің төрайымы, білім беруді реформалау бойынша Республикалық бағдарламаның мүшесі, Европалық Кеңес елдерінің халықаралық бағдарламаның координаторы, 100 шақты ғылыми еңбектің авторы.
Қазақстан-Австралия қарым-қатынасының өркендеуіне қосқан үлесі үшін 2004 жылы білім және мәдениет саласы бойынша Австралия Құрмет Крестімен марапатталды, сондай-ақ, «ҚР Білім беру ісінің ҮЗДІГІ» төсбелгісімен, 2001 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық белгісімен, 2003 жылы «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің Құрметті қызметкері» төсбелгісімен, 2006 жылы европалық интеграцияның өркендеуіне қосқан жеке үлесі үшін «The United Europe» халықаралық наградасымен марапатталды. Сондай-ақ, бірнеше оқулықтар мен әдістемелік оқу құралдарымен қоса, 100 шақты ғылыми еңбектердің авторы.