Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Темпус Тасис халықаралық бағдарламасы бойынша 1994 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Ең алғаш жоба «ҚазТуризм-10028-95» жобасы болды. Оның нәтижесінде университетте «Халықаралық туризм» және «Испан тілі» мамандықтары ашылды. «ҚазТуризм» жобасының сәтті іске асырылуының нәтижесінде 1999 жылы университет «ЖібекЖолы-1-10764-1999» атты екінші жобаның грантын жеңіп алды.
Әріптес университеттер:
Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ (Қазақстан)
Брюссель Вриже университеті (Бельгия)
Туризмнің жоғары мектебі, Балеар аралдары (Испания)
Жобаның мақсаты: Университеттің халықаралық туризмнің Еуропалық құрылым мен білім беру үлгісіне енуі.
«ҚазТуризм-10028-95» жобасын іске асыруда бізге еуропалық әріптестеріміз – Бельгия мен Испания университеттері үлкен көмек көрсетті.
Жобаның нәтижесінде университет мына мәселелерді шеше алды:
туризм бойынша еуропалық білім берудің құрылымы мен моделін енгізу;
бір оқу жылы ішінде аталған екі еуропалық университетте 10 жас оқытушыдан тұратын топты дайындықтан өткізіп, оларға магистр дәрежесін тағайындау;
бакалаврлық оқу курсына модулдық-пәнаралық технология бойынша оқу курстарын жасап шығару;
студенттермен алмасу бойынша 21 студенттің Испаниядағы туризмнің жоғары мектебіндегі соңғы оқу жылын бітіріп, осы мектеп негізінде дипломдық жұмыстарды қорғап, туризм бойынша Халықаралық сертификат алуын қамтамасыз ету;
университетте тағы бір еуропалық тілді енгізу – испан тілін;
осы мамандықты заманауи ақпараттық және байланыс технологиясы мен құрал-жабдықпен қамсыздандыру;
«Халықаралық туризмнің білім беру орталығын» ашып, оны жабдықтау;
республикалық тіркеушіге «Халықаралық туризм» атты мамандық нұсқасын енгізу, және осы мамандықты дайындауда республикалық әдістемелік үйлестіруші болу.