Халықаралық байланыстар бөлімі университеттің құрылымдық бөлімдерінің бірі болып табылады. Бөлім университеттің негізгі басымдықтары мен мақсаттарына сәйкес халықаралық ұйымдар мен шетел оқу орындарымен білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамытумен айналысады.
Халықаралық байланыстар бөлімінің негізгі міндеттері:
шетел жоғары оқу орындарымен серіктестік қарым-қатынасты дамыту;
университеттің қатысуымен өтетін ғылыми –зерттеу жобаларын іске асыруда ұйымдастыру жағынан үлес қосу;
университет студенттерінің шетелде білім алуын ұйымдастыру;
қосымша қаржы көздерін іздестіру;
студенттер, аспиранттар, оқытушылар мен университет қызметкерлерінің мобилділігін ұлғайту.
Халықаралық байланыстар бөлімінің қызметы:
халықаралық құжаттамамен жұмыс істеуді ұйымдастыру;
шетелдік серіктестермен келісім шарт жасасу;
университеттің халықаралық жобаларын координациялау;
халықаралық конференция мен семинарлар ұйымдастыру;
шетел делегацияларын қабылдау;
шетелдіктер үшін университет туралы презентациялар ұйымдастыру;
визамен айналысу;
шетелде білім алу бағдарламаларын ұйыдастыру мен олар жөнінде консультация беру.