Project name: «Silk-Tour-1»

«ҚазТуризм-10028-95» жобасын сәтті жүзеге асырудың нәтижесінде университет осы жоба бойынша өз әріптестерімен бірге «Жібек Жолы-1-10764-1999» атты жаңа жобаның грантын жеңіп алды.

Әріптес университеттер:

  • Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ (Қазақстан)
  • Брюссель Вриже университеті (Бельгия)
  • Туризмнің Филип Морено мектеп-университеті (Испания)



           

Жобаның мақсаттары:

  • Қазақстан мен Еуропа мемлекеттерінің туристік нарығын зерттеу және оқу курстарын жасап шығару мақсатында туристік объектілердің әлсіз және мықты тұстарын табу;
  • қашықтан оқыту бойынша бір жылдық магистрлік бағдарлама үшін оқу курстарын жасап шығару;
  • Қазақстанның жоғары оқу орындарында қашықтан оқыту формасын енгізу үшін серіктес орталықтарды ашу;
  • университетте «Бизнес пен бос уақытты әкімшілік басқару» бойынша магистрлік бағдарламаны дамыту.

Осы халықаралық бағдарлама нәтижесінде мынадай жетістіктерге қол жеткіздік:

  • қашықтан оқыту формасы бойынша «Бизнес пен бос уақытты әкімшілік басқару» курсынан магистрлік бағдарлама жасап шығарылып, енгізілді;
  • Қазақстанның үш жоғары оқу орнында қашықтық магистрлік бағдарлама бойынша серіктес орталықтар ашылды: Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ, Дулати атындағы ТарМУ, М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ;
  • Қазақстан мен еуропалық елдердің туристік нарығы зерттеліп, нәтижелері оқу курстарына енгізілді;
  • бизнеспен айналысу үшін арнайы компьютерлік бағдарламалар жасап шығарылды;
  • курстың соңында халықаралық диплом беріледі.

Жобаны іске асыру барысында аталған жоғары оқу орындарында үш университеттен 10 оқытушы қайта дайындықтан өтті. Жобаның үшінші жылында қашықтық оқу курстарын жасап шығару және магитрлерді дайындауда телекоммуникациялық бағдарламаны енгізу бойынша осы үш оқу орнының 10 операторы дайындық курсынан өтті.

Бакалавр мен магистрлік дайындық бағдарламаларының екеуі де университетте сәтті түрде жүзеге асуда. Үш негізгі әріптес арасында, яғни біз, Бельгия және Испания, туристік бизнес пен бос уақытты әкімшілік басқару бойынша магистрлік бағдарламаны ашу жөнінде франчайзингтік келісімшартқа қол қойылды. Қазіргі таңда бұл оқу курсы да жүзеге асырылып келеді.

 



Авторизация
Login:
Password:
Forgot your password?

Поштаға кіру
Имя: @ablaikhan.kz
Пароль:

70 летие КазУМОиМЯ
© КазУМОиМЯ имени Абылай хана 2009-2011
Управление информатизации, УИ ПО
Республика Казахстан, г. Алматы, ул. Муратбаева 200
Приемная комиссия: +7 (727) 292 23 73; 292 44 60
Приемная ректора: т.+7 (727) 292 23 63; ф. +7 (727) 292 44 73;
e-mail: kazumo@ablaikhan.kz