|
Студенческая мобильность
Студенттердің мобилділігі
Студенттер деңгейіндегі халықаралық ынтымақтастық университет үшін өте маңызды бағыт болып табылады, себебі бұл оқу орындарының әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдасуға көмектесетін бірден-бір жол.
Университет студенттерінің шетелде оқуы келесі екі жолмен жүзеге асырылады:
- Енгізілген білім беру, оқу жылы ішінде бір семестрден бір жылға дейін созылады.
- Жазғы білім беру, жазғы демалыс кезіндегі курстар.
Студенттердің шетелге шығуының нәтижелері:
- студенттің кез-келген шетелдік университеттің оқу үрдісіне қатысуы оның менталитетіне әсер етеді, ұлтжандылық сезімін тәрбиелеуге көмектеседі, өмірде үлкен жетістіктерге жетуіне жетектейді;
- студенттердің халықаралық оқу бағдарламаларына қатысуына қызығушылық туғызады;
- студенттердің шетелге шығып, білім алуы университеттің білім берудің халықаралық стандартына сай болу ұмтылысына оң әсер етеді.
Университетке шетелден келетін студенттердің және біздің университеттің басқа елдердегі оқу орындарында оқуларын жалғастырып жатқан студенттердің саны жылдан-жылға өсіп келеді. Студенттермен алмасу бағдарламалары әсіресе Оңтүстік Корея, Франция, Германия, Швейцария, Ресей, Мысыр, Польша мен Қытай сияқты елдердің жоғары оқу орындарымен тұрақты түрде жүргізілуде.
Соңғы 3 жылда шетелде білім алған студенттер саны
|
2007-2008
|
163
|
|
2008-2009
|
72
|
|
2009-2010
|
70
|
Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ студенттері Польшада
Студенттермен алмасу бағдарламасының қатысушылары Кореяда
«Данте Алигиери» университетінің шәкіртақысын жеңіп алған түлектеріміз, Реджио Калабрия қаласы, Италия
|
|
|