Учеба за рубежом

Сіздің неміс парламентінде жұмыс істегіңіз келеді ме?

Герман Бундестагы Берлин қаласының Еркін университеті, Берлин қаласының Гумбольдт университеті, Берлин қаласының Техникалық университетімен ынтымақтаса отырып, Сізді 5 айға Берлинде болатын ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ПАРЛАМЕНТТІК СТИПЕНДИЯҒА (ХПС) қатысуға шақырады.

Герман Бундестагы, жас адамдарға 15 апталық жұмыстың кезінде Герман Бундестагының бір мүшесінің жанында неміс парламентінің жұмыс саласында практикалық тәжірибелер жинауға мүмкіншілік береді.

Стипендиаттар Герман Бундестагының бір тәуелсіз таңдау комиссиясы арқылы таңдалынып алынады.

Шарттар:

  • Қазақстан азаматтығы
  • жоғарғы білім
  • неміс тілін өте жақсы білу
  • стипендия басталардың алдында тиісті адам 30 жасқа толмаған болу керек.

Стипендия:

  • айға 450 €
  • тегін жатахқана
  • сақтандыру және сапар шығындары.
  • Құжаттар тапсыру аяғы: 30-шы маусым. Осыдан басқа ақпараттарды келесі беттен, неміс елшілігінен ала аласыз немесе интернеттен табасыз:

www.bundesrag.de/ips.

Шет елде білім алу

1. Университеттің желісі бойынша

Халықаралық магистратура

1) «Әлеуметтік білім беру» мамандығы бойынша:
Стратклайд университеті, Шотландия

Люварден университеті, Нидерланды

2) «Бизнесті әкімшілік басқару» мамандығы бойынша:

  Питтсбург университеті, АҚШ

3) «Бизнес пен бос уақытты әкімшілік басқару» бойынша:

Брюссель Вриже университеті, Бельгия

   Балеар аралдарының университеті, Испания

Докторлық бағдарламалар:

1) PhD дайындау бойынша біріккен бағдарлама:

   Тулуз Ле-Мирай университеті, Франция

Чунан Университеті, Оңтүстік Корея
Чунбук университеті, Оңтүстік Корея

2) Біріккен ғылыми зерттеу жұмыстары:

 Робер Шуман университеті, Страсбург, Франция

Париж-3 университеті, Сорбонна , Франция
Адам Мицкевич атындағы университет, Польша

Іле педагогикалық университеті,ҚХР

Каир университеті, Египет

2. Шәкіртақы бағдарламалары – бұл шет елде білім алу, стажировкадан өту және ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысуға мүмкіндік беретін сыртқы қаржыландыру көздері. Бағдарламаларға қатысу шарттары әр түрлі болғанымен, барлық дерлік үміткер студенттердің үлгерімі жақсы болып, шет тілін жетік меңгеріп, университеттің ғылыми жұмысына қатысуы қажет.

Қатысуға байланысты шаралар:

  1. Жазбаша өтініш беру;
  2. Сәтті өткен жағдайда – тілдесуден өту;
  3. Тілдесуден өткеннен кейін шет тілінен емтихан тапсыру (мысалы: TOEFL, IELTS, т.б.);
  4. Оқытушылар мен қызметкерлердің бағдарламаларға қатысуының басты шарты – шет тілін жақсы меңгеру, зерттеу жұмыстарына қатысу және үміткердің өз ғылыми жетістіктері;
  5. Өтініш беру уақытын төмендегі сайттардан қараңыз.

Студенттер

Түлектер

Аспиранттар

1. Global UGRAD халықаралық студенттермен алмасу бағдарламасы

www.irex.kz

2. DAAD – Герман академиялық алмасу қызметі:

- Неміс тілін оқитын студенттерге арналған бір семестрлік шәкіртақылар

- «Жазғы университет курстары» шәкіртақылары

www.daad.kz

1. Эдмунд Маски шәкіртақы бағдарламасыwww.irex.kz

2. Chevening шәкіртақы бағдарламасы

www.britishcouncil.org

3. DAAD – Герман академиялық алмасу қызметі:

- Барлық мамандықтар бойынша магистратура бағдарламасы

- Дамушы мемлекеттерге арналған магистратура бағдарламасы

- ERP- экономиканы оқыған түлектерге арналған постдипломдық білім алу бағдарламасы

- Неміс тілін оқитын магистранттарға арналған бір семестрлік шәкіртақылар

www.daad.kz

  1. Эдмунд Маски және Бостандықты қолдау шарасының аспиранттық шәкіртақылар бағдарламасы (АҚШ).
  2. Жоғары оқу орындарының оқытушыларына арналған бағдарлама (JFDP) (АҚШ)
  3. DAAD – Герман академиялық алмасу қызметі:

- Барлық мамандықтар бойынша зерттеу шәкіртақылары

- Бұрынғы бір жылдық DAAD шәкіртақы иегерлеріне арналған бағдарлама.

www.daad.kz

Ғалымдар мен мұғалімдерге арналған гранттар

Ғалымдар

Басқа да бағдарламалар

1. Fulbright оқытушылармен алмасу бағдарламасы www.fulbrightexchanges.org

2. DAAD – Герман академиялық алмасу қызметі:

- Ғалымдармен алмасу бағдарламасы

- DAAD зерттеу гранттары

www.daad.kz

1. Хьюберт Хамфри шәкіртақылар бағдарламасы www.humphreyfellowship.org

2. САБИТ – америкалық бизнес саласындағы стажировкалар бағдарламасы (АҚШ)

ЕуропалықОдақшәкіртақылары

Еуропалық Одақтың 27 мүше мемлекетіндегі шәкіртақылар мен гранттар туралы толық ақпаратты Еуропалық Комиссияның Қазақстан, Қырғызстан мен Тәжікстандағы өкілдігі дайындаған мына анықтамалықтан таба аласыздар:

көшіріп алу

 



Авторизация
Login:
Password:
Forgot your password?

Поштаға кіру
Имя: @ablaikhan.kz
Пароль:
© КазУМОиМЯ имени Абылай хана 2009-2011
Управление информатизации, УИ ПО
Республика Казахстан, г. Алматы, ул. Муратбаева 200
Приемная комиссия: +7 (727) 292 23 73; 292 44 60
Приемная ректора: т.+7 (727) 292 23 63; ф. +7 (727) 292 44 73;
e-mail: kazumo@ablaikhan.kz