|
Шет тілдері педагогикалық факультеті
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетінің
шет тілдері педагогикалық факультетінің негізі 1941 жылы қаланған. Қазірде ол - 050119 : шет тілі: екі шет тілі мамандығы шет тілі мұғалімдерін даярлауда Республика бойынша бірегей оқу орны болып табылады.
Факультет тарих беттерінен
|
ШТПФ
|
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетінің
шет тілдері педагогикалық факультетінің негізі 1941 жылы қаланған.
Ислам Айбарша педагогикалық шетел тілдері факультетінің Деканы, филология ғылымының докторы, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ профессоры. «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша ҚР Білім және Ғылым Министірлігі бекіткен екі оқулық монографиясының және елуге жуық ғылыми мақалалардың авторы. Сонымен қатар Ағылшын-Қазақ Лингвомәдени сөздігінің құрастырушысы. 2007 оқу жылынан бастап Шетел Тілдер Педагогикалық Факультетін басқаруда.
|
|
Фонетика
кафедрасы
|
Шетел тілдері фонетика кафедрасы 1967 жылы құрылған.
Кафедраның алғашқы меңгерушісі Голайдина Н.А. болған. Кафедраның негізін қалаған белгілі ғалымдар, білікті оқытушылар Исаев М.К., Меербекова С.К., Искакова Т.К, Галкина Л.А, Жантлесова Л.П. 80-ші жылдарда атақты филолог Н.Қ.Құрманбаев басқарған кафедра оқытушылары қазақ бөліміне арналған ағылшын тілі оқулығын шығарды.
|
|
Лексикология
кафедрасы
|
Кафедраның алғашқы меңгерушісі Құрманбаев Н.М. болған. Құрманбаев Н.М. басқарған кафедрада Т.П.Новак, Н.П.Игнатьева, К.В.Филина, Т.Д.Ковлер және т.б. тәжірибелі оқытушылар жұмыс істеген.
Шет тілдер лексикологиясы кафедрасы дербес кафедра ретінде 1967 жылдан бері қызметін атқарып келеді.
|
|
Грамматика
кафедрасы
|
1969 жылы ағылшын факультетінде жаңадан филология және ағылшын тілі грамматика кафедрасы ашылды.
1983 жылдан бастап ағылшын тілі кафедрасын педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент С.С.Құнанбаева меңгерді.
Рысалды Құсайын Тынысбайұлы – кафедра меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор
|
|
Шетел тілдерін оқытудың әдістемесі
кафедрасы
|
Шетел тілдерін оқытудың әдістемесі кафедрасы 1968 жылы құрылды.
2004 жылы кафедраға педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстан Республикасының ғылыми қызметкері әрі көрнекті педагог, педагогикалық факультеттің алғашқы кафедра меңгерушілерінің бірі Козлов Петр Гурьянұлының есімі берілді.
Қазіргі кезде кафедраның меңгерушісі психология ғылымдарының кандидаты, профессор Кузнецова Тамара Данилқызы болып табылады.
|
|
Шет тілдері теориясы және практикалық сөйлеу кафедрасы
|
Шет тілдері теориясы және практикалық сөйлеу кафедрасының негізі 2007-2008 оқу жылында қаланған.
Алғаш құрылғаннан бастап кафедра меңгерушісі филология ғылымының докторы, профессор, педагогика білім саласы бойынша Халықаралық Академия ғылымының академигі Аяпова Т.Т.
|
Факультеттің оқу-әдістемелік қызметі 050119 мамандығы бойынша типтік бағдарлама және берілген пән бойынша жұмыс бағдарламасы негізінде орындалады. Факультет оқыту үрдісіны жақсарту мақсатында еңбек етуде.
Факультет студенттің тұлғалық қалыптасуына бағытталған, оның ойлау және шығармашылық қабілеттіктерін дамытатын білім концепциясын негізге ала отырып, студенттердің танымдық белсенділіктерін, ойлау және коммуникативтік қабілеттіктерін дамытатын әрі оқытудың сапасын арттыру мақсатымен оқу процесінде тың әдістеме және саналуан әдістерді қолданады. Осы мақсатқа жету үшін оқыту материалдары аутентивті,ақпараттық және қызықты болу принципіне негізделіп, мазмұндық жағынан жаңартып отырылады.
Университетте мамандыққа білім берудің ұлттық жүйесінің жаңа деңгейіне өтуге байланысты академик С.С.Құнанбаеваның тікелей басшылығымен шет тілдік білім берудің жаңа концепциясы жасалып, оның теориялық, методологиялық негіздері ғылыми түрде қалыптастырылды. Жаңа концепция біздің университеттің ұстаздар ұжымының алдына шет тілдік білім беруде жаңа міндеттер қойды, осыған сәйкес жаңа оқулықтар жазу, оларды іске қосу қазіргі таңдағы ең өзекті мәселе болып отыр.
Шетел тілін оқытуды халықаралық стандарт деңгейге жеткізу мақсатында шетел тілін арнайы мақсаттарға үйрету пәнінің бағдарламасында болашақ шетел тілінің мұғалімін дайындау мақсатымен ұлттық жүйені ескере отырып білім берудің мақсаттары, міндеттері мен мазмұны анықталынып, оларды тереңдетілген профессионалдық тұрғыдан дайындау болып табылады.
Бұрыннан қалыптасқан дәстүрлерді басшылыққа ала отырып, факультетте өзара тәжірибелік байлыққа ықпалын тигізетін үлкен ұстаздық жұмыс жүргізіледі. Ұжым мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас студенттерді тәрбиелеу жұмысына өзінің жақсы жағымен әсер етеді. Шет тілдер факультетінде ғылым доктарлары – 11 санын құраса, 23 оқытушы ғылым кандидаттарын құрайды.
Факультетте Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 1218 студент дәріс алуда.
British Council орталығы факультет оқытушыларын әр түрлі білім беру шараларына қатысуға: кадрлардың педагогикалық мамандығын көтеруге, ағылшын тілі сабағын жүргізуге, Ұлыбританиядан келген лекторлармен лекциялар өткізуге үнемі шақырылып тұрады. Әлемнің іргелі университеттерінде тәжірибелерін шындаған ұстаздар Аризона Университеті(АҚШ), Ренн Университеті, Пьер Мендес, Сорбонн (Франция), Гёте Институті, К.Маркс атындағы Университет, Университет Гёттинген (Германия), Льюцен Университеті (Швейцария), Грац қаласындағы Университет (Австрия), Генуя қаласындағы Университет (Италия), Братислава қаласындағы Техникалық Университетінде(Словакия) кәсіби біліктерін дамытты.
2007 жылы Филология ғылымының докторы, профессор, академик Аяпова Т.Т. «2007 жылдың Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсының жеңімпазы. «2009 жылдың Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы»
конкурсының жеңімпаздарыРысалды Құсайын Тынысбайұлы – кафедра меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор және педагогика ғылымдарының докторы, профессор Альметова
Студенттер iргелi дайындықтың, әрi шет тiлдердi үздiк меңгеруiнiң негiзiнде "Болашақ" Президенттiк стипендия конкурсынан өтiп, өз бiлiмдерiн Ұлыбритания, Германия, Франция, АҚШ, Италия, Жапония, Испанияның, Кореяның жетекшi жоғарғы оқу орындарында табысты жалғастыруда.
|
|
|