Жибек Жолы

Шығыстану факультетінің «Жібек жолы» атты студенттер клубы.

Жалпы ережесі

    • «Жібек жолы» студенттер клубы шығыстану факультетінде 2010 жылдың қыркүйек айында студенттердің шығармашылық потенциальын дамыту және университетте өткізілетін шараларға қатысу мақсатында құрылды.

 

    • Клуб жұмысының негізгі бағыттары:
  • университет өмірі мен мерекелік шараларына студенттердің белсене қатысуын ұйымдастыру;
  • тәрбие жұмысын ұйымдастыру, студенттерге мүмкіндіктер мен жағдайлар жасау;
  • әлеуметтік-мәдени, ағартушылық сипаттағы әртүрлі қызметтерге студенттердің жеке қабілетін ескере отырып тарту, қызықтыру;
  • студенттердің ұйымдастырушылық қабілетін дамыту әрі қабыптастыру;
  • студенттердің бос уақытын тиімді ұйымдастыруды жетілдіруге бағытталған әдістемелік жұмыс, студенттердің шығармашылық қабілетін арттыру;
  • әлеуметтік маңызды инициативалар мен жастар қозғалысына қолдау көрсету және насихаттау.

Ұйымдастыру деңгейі бойынша клуб көппрофильді болып табылады, яғни университетте өтетін түрлі шараларға студенттердің белсене қатысуын қадағалап, олардың мәдени-шығармашылық және интеллектуалды дамуын бақылайды.

Клубты басқару және жетекшілік ету

Клубты міндетті түрде Шығыстану факультеті деканының тәрбие істері жөніндегі орынбасары мен жоғарғы курс студенттері арасынан сайланған төрағасы басқарады.
Клуб төрағасы:

  • клуб жұмысын жоспарлайды, ұйымдастырады және бақылайды, жұмыстың сапасы мен тиімділігіне жауап береді;
  • жұмыс уақытында еңбек тәртібі нормаларының сақталуына және техника қауіпсіздігіне жауап береді;
  • студенттер арасында міндеттер мен жұмыстарды бөліп отырады;
  • клуб ісі жөнінде есеп беріп отырады.

Жұмысты ұйымдастыру

  • ұйымға студенттер өз еркімен жазылады;
  • студенттік клуб жұмысы университеттің ішкі еңбект тәртібі ережелері бойынша анықталады;
  • ұйымның жұмыс кестесін клубтың көрсемдік жетекшісі санитарлық-гигиеналық нормаларды және кабинеттерр мен акт залының бос болуын есепке ала отырып жасайды.

 

Клубтың негізгі бағыттары

Мәдени-көпшілік бағыт

  • факультет, университете өткізетін шараларға қатысу үшін белсенді студенттерден тұратын комитет құру;
  • студенттерді университеттің шығармашылық үйірмелеріне тарту: хор, оркестр, би драмалық үйірме, вокал т.б.;
  • қай курстан болса да ниет білдірген студенттерден факультет би тобын құру;
  • студенттер мен ПОҚ арасында «Шығыс жұлдыздары» атты шоу-жобаны ұйымдастыру және өткізу;
  • эстетикалық тәрбие беруде шығармашылық дамытуға бағытталған әртүрлі конкурстар өткізу;
  • студенттердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру: театрларға, музей, Қазақстан суретшілерінің көрмелеріне, белгілі өнер шеберлерінің шығармашылық кештеріне т.б. апару.
  • университетте өткізілетін мәдени-шығармашылық, мәдени-танымдық т.б. түрлі кештерге белсенді қатысу;
  • университет турниреінде және басқа да конурстарға қатысу үшін Шығыстану факультетінде КТК командасын құру.


Интелектуалдық бағыт

  • студенттердің университеттік және қалалық шараларға: олимпиада, конурс, сайыс, конференция, акция, фестивальдарға қатысуын ұйымдастыру;
  • студенттердің жоба, семинар, университеттің волонтерлық жұмыстарына қатысуын ұйымдастыру;
  • студенттерді Шығыстану факультетінің «Ағылшын клубына» ағылшын тілінен практикасын дамытуға қатысуын ұйымдастыру;
  • мәдени-ағартушылық шараларды ұйымдастыру: шығармашылық интеллигенция клуб құру;
  • студенттердің факультет университет көлемінде өткізілетін барлық шараларға белсенді қатысуын ұйымдастыру.
 



Авторизация
Login:
Password:
Forgot your password?

Поштаға кіру
Имя: @ablaikhan.kz
Пароль:
© КазУМОиМЯ имени Абылай хана 2009-2011
Управление информатизации, УИ ПО
Республика Казахстан, г. Алматы, ул. Муратбаева 200
Приемная комиссия: +7 (727) 292 23 73; 292 44 60
Приемная ректора: т.+7 (727) 292 23 63; ф. +7 (727) 292 44 73;
e-mail: kazumo@ablaikhan.kz