|
Студенческий клуб Synergos
Клуб туралы
Клубты құру туралы ой маркетинг кафедрасының 1-курс студенттерінің шағын тобы арасында пайда болған. Бірінші курс студенттерінің тек бірге бірлескенде ғана бір организмге, яғни, күшті көпжақты организмге айналатынын түсінеді. Осы жерде кулбтың негізгі идеясы болған нағыз атауы туралы туындады. Synergos (грек тілінде синергия) - екі немесе бірнеше факторлардың өзара әрекетінің арқасында ұлкен нәтижеге қол жеткізетін құбылыс болып табылады. Бірге әрекет етейік сонда ғана адамдар бірге болғанда үлкен күшке айналады, олардың жұмысы өнімді болады.
Жұмыс жоспарының негізгі концепциясы жасалынды. Бастапқыда көптеген жоспарлар болды және құрлымы өте көлемді болды. Қазіргі уақытта біздің клуб алдына басқа да біршама міндеттерді қойып отыр:
- Қайырылымдылық әрекеті;
- Менеджмент және халықаралық коммуникация факультетіне қарасты ресми клуб;
- Flashmab;
- Талантты студенттерге қолдау көрсету;
- Унивеситеттің іс-шараларын ұйымдастыру және университеттің мәдени-көпшілік өміріне белсенді көмек көрсету;
- Басқа да ЖОО-ның ұқсас клубтарымен ынтымақтастық орнату
Клубтың болашақта өзінің қызметін ұлғайтуға байланысты ауқымды жоспарлары бар. Synergos біздің университет студенттерінің өзін басқару үшін тамаша платформа болады. Біздің кейбір оқу орындарының өкілдерімен келіссөздер жүргізіп жатырмыз, дебат клубтарымен және ұлттық дебат орталығымен белсенді ынтымақтастықтамыз. Сонымен қатар брэйнрингке қатысу үшін команда жинауда көмек көрсетуді жоспарлап отырмыз. «Хабар» телеарнасы бойынша көрсетілетін «Шындық» тәрізді сараптамалық көрсетілімдерге шығу мүмкіншіліктеріміз бар (біз пікір-сайыстарға қатысу үшін университетіміздің студенттерін мезгіл-мезгіл жібере аламыз.
Клубтың негізін 13хэд құрайды, олар сайлау жүйесінің көмегі арқылы мезгіл-мезгіл жаңартылып отырады. Олар клубтың жұмысын қадағалап отырады және жаңа жобалар мен идеяларды қарастырады. Біз өзіміз студенттік клубтың мәртебесін жоғары деңгейге көтереміз, қазір ол меніңше, үздік жағдайда емес.
Жалпы жағдайы:
Студенттік клуб студенттер мен оқытушылардың ерікті қоғамдық бірлестігі болып табылады. Студенттік клуб қызметін президент және хэдтер басшылығымен жүзеге асырады. Студенттік клуб саяси және қоғамдық ұйымдардан тәуелсіз әрекет етеді.
Мақсаты:
- Студенттердің жеке шығармашылық қабілеттерін ашу және жүзеге асыру үшін жағдай жасау;
- Студенттердің ғылыми қызметін белсендіру;
- Студенттердегі қабілетті өзгермелі жағдайға тез үйренуге қалыптастыру;
- Ғылыми қызметте студенттердің тың бәсекелестігі үшін алдын-ала жағдай жасау;
Құрылымы:
Басқару жүйесі Артуровтың «Дөңгелек үстел» концепциясына ұқсас. «Артур» болып табылатын нағыз президент бар, ол клубтың қызметін үйлестіреді және бағыт береді, оның мұнан әрі дамуының міндеттерін анықтайды. Сондай-ақ, оның тікелей көмекшілері болып табылатын 13 хэд бар және олардың клубқа қатысты барлық мәселелерді шешуде үлкен үлесі бар. Олар кулбқа байланысты барлық мәселелер мен сұрақтарды шешуге көмектеседі, клубты таныстырады және жалпы талқылауға идеяларды ұсынады. Хэдтер өздерінің міндеттерін орындау сапасының нәтижесіне және басқа да негативті факторларға байланысты жаңартылып отырады. Клуб президенттінің Вето деп аталатын құқы бар. Сондай-ақ дауыстарды шешуге, ерікті түрде өзінің орнын босатуға құқы бар. Ол одан әрі жұмыстың нәтижесін жоспарлап, клубтың қызметіне үнемі анализ жасап отырады. Сондай-ақ, клубтың өз белсенділері болады. Клубтың барлық іс-шараларында белсенді қызмет ететін клуб белсенділері қатарына тіркелетін ММК факультеті студенттерінің бір бөлігі. Тек осы белсенді топтың мүшелері соңында қазіргі хэдтермен ауысатын болады. |
|
|