|
Студенческий клуб NEXUS
“NEXUS” студенттік клубының
ЖАРҒЫСЫ
2006 жылы 6 қарашада құрылды
1. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің «NEXUS» студенттік клубы мемлекеттік немесе коммерциялық емес, студенттердің қайырымдылық және еркін түрде қоғамдық белсенділігін арттыру мақсатында құрылған қоғамдық бірлестік.
1.2. Клуб өзінің уставтағы мақсаттарын орындай отырып, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Университет әкімшілігінің заңдары мен оның конституциясы негізінде және осы устав негізінде қызмет етеді.
1.3. Клуб өз жұмысын клуб кеңесінің және университет әкімшілігінің келісімімен бекітілген қолдағы Устав шеңберінде атқарады.
1.4. «NEXUS» студенттік клубы өзінің жеке символы, фирмалық бланкісі және тағы басқа керекті реквизиттермен қамтамасыз етілген.
1.5. «NEXUS» студенттік клубы осы устав негізінде факультеттерде және университет аясында өз жұмысын жүргізеді.
1.6. «NEXUS» студенттік клубы өзіне тиісті мүлікке жауаптылығы міндеттеледі.
1.7. Клубтың ресми қызмет ету тілі қазақ және орыс тілдері болып табылады.
1.8. Клуб атауы:
мемлекеттік тілде « “NEXUS” (лат. аударғанда) байланыс, қарым-қатынас»; орыс тілінде « “NEXUS” (лат. аударғанда) связь, коммуникация»;
1.9. Клубтың қызметі устав бекітілген күннен бастап мерзімі шексіз; Клубтың орналасу орны: Алматы қаласы, Мұратбаев көшесі 200, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті.
2. КЛУБ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
2.1. «NEXUS» студенттік клубының мақсаты:
- факультет және университет деңгейіндегі түрлі мәселелерге шешуші жол табу;
- студенттерге Қазақстанның әлеуметік белсенді азаматтары ретінде қоғамдық өмірге араласуына көмектесу;
- студенттердің университетке байланысты барлық сұрақтарға жауап іздеу.
2.2. Өз мақсаттарына жетуде «NEXUS» студенттік клубы алдына келсі міндеттерді қояды:
- студенттер арасында ғылыми конференциялар, дөңгелек үстелдер және дебат турнирлерін ұйымдастыру;
- әлеуметтік жағдайы төмен азаматтар мен жетім балаларға көмек көрсету мақсатында қайырымдылық іс-шаралар ұйымдастыру;
- қаланың басқа да университеттерімен тығыз әріптестік қарым-қатынас орнату;
- факультет және университет аралық мәдени-гуманитарлық және спроттық ойын-сауық іс-шараларын ұйымдастыру;
2. КЛУБ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ҚЫЗМІТІ
3.1. «NEXUS» студенттік клубы негізгі 4 бөлімнен тұрады. Оны клуб кеңесінің саулауы бойынша тағайындалаған председатель басқарады.
3.2. «NEXUS» студенттік клубының ең жоғарғы органы председателдер кеңесі болып табылады. Ол бір айда кемінде бір рет шақырылып отырады.
3.3. Кеңес құрамына: клуб президенті, вице-президент, кеңесші, клубтың қаржы директоры және төрт бөлім председателдері кіреді.
3.4. Кеңестің шақырылуын президент өзі бекітеді.Ал вице-президент сол кеңестің өткізілетін орны мен уақыты және барлық міндетті тұлғаларға шақыруға міндеттеледі.
3.5. Кеңесте қарастылған барлық мәселелер көпшіліктің (председателдер) дауыс беруімен шешіледі. Осылайша клубтың жылдық жоспары бекітіледі.
(президент-2дауыс, вице-президент, кеңесші, председатель, -1дауыс)
3.6. Екі аптада бір рет клубтың жалпы жиналысы өткізіледі. Сол жерде президент клуб мүшелерін кеңес шешімімен және клубтың алдағы жоспарымен таныстырып олардың ой-пікірлерін тыңдайды.
3.7. Жалпы жиналыстық құзіретіне кірмеді:
- Клубтың қайта құрылуы, жабылуы және жекешелнуі
- Уставты бекіту
- Уставқа толықтырулар мен өзгерістер енгізу
- Клубтың мүшелерінің, клуб кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу
- Клуб мүшелерінің санын қысқарту немесе жаңадан мүшелер қабылдау.
3.8. Клуб президенті:
- 1,2 жылға 3-4 курс студенттерінен сайланады
- квартал сайын университет әкімшілігін және оың тәрбие істері жөніндегі проректорды клубтың жоспары мен оның жұмысы туралы хабардар етіп отырада
- университет әкімшілігінің, деканаттардың өкілдеріне клубтының атынын сөз сөйлейді
- клуб кеңесінің өткізілу күні мен уақытын бекітеді
- клуб қызметін толық басқарады
- керекті құжаттарға клуб атынан қол қойып, бекітед
- клуб мүшелеріне бұйрықтар мен міндеттемелер береді
- жалпы клуб жиналысы мен кеңестің құрітігінен басқа клуб қызметімен байланысты барлық мәселелерді шешеді
3.9. Вице- президент
- 1,2 жылға 2,3,4 курс студенттерінен сайланады
- клубтың пердседателдер кеңесін ұйымдастырады және оларды шақырады.
- клуб президентіне бағынады
- президент жоқ кезде, оның барлық міндеттерін толық өз мойнына алады
3.10. Президент кеңесшісі:
- 1,2 жылға 2,3,4 курс студенттерінен сайланады
- клуб президентіне бағынады
- президентке кеңестің өткізіне көмектеседі
- кеңестің құжаттарымен айналысады
3.11. Бөлім председателі:
- 1,2 жылға 2,3,4 курс студенттерінен сайланады
- клуб президентіне бағынады
- бөлімшені басқарады
- апта аралық президентті бөлім жиналыстарында қарастырылған мәселелермен және ой-пікірлермен таныстырады
- клубтың барлық ұйымдастыратын іс-шараларында өз мүшелерінің белсенді болуын қадағалайды
3.12. Қаржы директоры:
- 1,2 жылға 2,3,4 курс студенттерінен сайланады
- клуб президентіне бағынады
- президенті кеңестерде қлуб қоры туралы хабардар етеді
- іс-шаралардан жиналған қаржының құжаттамасымен айналысады
- клуб қорындағы қаражаттың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
|
|
|